ШҰҒЫЛ! 320 шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылды Толығырақ

Бозойда газды құрғату қондырғысы іске қосылды

18:56, 6 желтоқсан 2017

Сондай-ақ, телекөпір барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Шалқар ауданындағы «Бозой» жер асты газ сақтау қоймасының «Газ құрғату қондырғысын» пайдалануға рұқсатын берді. Газ инфрақұрылымының нысаны «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы мемлекеттік индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы шеңберінде салынды. Бұл жоба газ экспортын арттыруға мүмкіндік береді.

"Бозой" жер асты газ сақтау қоймасы қазақстандық газдың тұрақты тасымалын қамтамасыз ету үшін және жылыту маусымы кезінде елдің оңтүстік өңірінде газ тапшылығын болдырмау мақсатында қайта жаңғыртылды. Жаңа қондырғы газды бөгде қоспалар мен ылғалдан тазартады. Өнімділік ұлғаяды. Газды өндіру уақыты 200 күннен 150 күнге дейін қысқарды. Ең бастысы сапа жақсарды.

Қондырғы «Бұқара-Орал» және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырлары арқылы «Бозой» газ сақтау қоймасынан алынатын табиғи газды Ақтөбе облысының және оңтүстік өңірлердің тұтынушыларына тасымалдау қуатын арттырады.  Бұған қоса, Ресей Өзбекстан және Қытай еліне тауарлық газдың халықаралық транзиті қамтамасыз етілмек. 

Бірегей кешен - "ҚазМұнайГаз" компаниясының еншілес компаниясы «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы жүзеге асырған инвестициялық жоба. Бұл Қазақстандағы алғашқы инфрақұрылымдық нысан.  Жобалық газ сақтау көлемі 4 миллиард текше метр.  

Райгүл Еншібай

Тақырып бойынша материалдар

Облыс әкімінің Ойыл ауданына жұмыс сапары
21:42, 23 ақпан 2018
Облыс әкімінің Ойыл ауданына жұмыс сапары
Толығырақ...
Ауыл шаруашылығын дамыту міндеті жүктелді
21:10, 23 ақпан 2018
Ауыл шаруашылығын дамыту міндеті жүктелді
Толығырақ...
Түрлі ұлт өкілдері тарихи естеліктерімен бөлісті
16:46, 23 ақпан 2018
Түрлі ұлт өкілдері тарихи естеліктерімен бөлісті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Б. Сапарбаев: "Мынау жалқау келіндерге жақсы екен"
17:57, 19 ақпан 2018
Б. Сапарбаев: "Мынау жалқау келіндерге жақсы екен"
Толығырақ...
Облыс әкімінің Шалқар ауданына жұмыс сапары
18:54, 19 ақпан 2018
Облыс әкімінің Шалқар ауданына жұмыс сапары
Толығырақ...