ШҰҒЫЛ! Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген Толығырақ

Бруцеллезге байланысты карантин жарияланды

19:58, 13 ақпан 2018

Ойыл ауданының Қаратал және Кемер ауылдарында карантин жарияланды. Мұнда ірі қара мен ұсақ малдан бруцеллез анықталған. Қазір амалы таусылған тұрғындар ауру малды санитарлық пункттерге амалсыз тапсырып жатыр.

Сексеннен асқан Сәндіғали қарияның қорасы қазір қаңырап тұр. ауруға шыққан малын мамандар алып кеткен. Аурудың салдарынан сауынды сиырдың бұзауы жетім қалыпты. Қазір оны дүкеннен сүт алып, асырап отыр.

Малмен ғана күн көріп отырған ауыл тұрғындарына бұл жағдай қиынға соқты. Табыс көзінен айырылған қараталдықтар қазір мамандарды кінәлап отыр. Өйткені, олар дер кезінде алдын алу шараларын жүргізбеген дейді.

Жағдайды аудан әкімдігі де біліп отыр. Жергілікті биліктің айтуынша, малдың 70 пайызынан сараптамаға қан алынған.

Айтып өтейік, Ойыл ауданының Қаратал және Кемер ауылдарында қаңтар айынан бері карантин. Сарыптың алдын алу жұмыстары өткен жылдың күз айында басталған.

Қазір тұрғындар ірі қараларын мал сою пункттеріне тапсырып жатыр. Алдын ала бағалау бойынша орташа есеппен тұрғындарға бір келі етке 1400 теңге төленеді. Соманың 70 пайызын кәсіпорын, ал, 30 пайызы жергілікті бюджеттен өтеледі.  

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
18:51, 16 ақпан 2018
Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар