ШҰҒЫЛ! ҮЙ ТОНАУШЫЛАР КӨБЕЙДІ Толығырақ

БҮГІН ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ

19:28, 16 мамыр 2018

Бүгін түнде барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Яғни, жамағат бұл айда ораза ұстап, ауыз аштырып, тарауих намазын оқып, пітір садақа береді. Пітір садақа мөлшері былтырғы 300 теңге қалпында қалды. Ал, "Қасиетті Қадыр түні" маусымның 10-нан 11-не қараған түні болады.

Рамазан айы бұл - бірліктің, кешірімнің, сабырлықтың мерекесі. Шариғат шартына сай, таң намазының кіруіне 10 минут қалғанда ауыз бекітіледі. Биыл ораза 30 күн өтеледі. Демек, маусымның 15-і күні Ораза айт басталады. Ақтөбенің барлық мешіттерінде Айт намазы сол күні сағат 07.00-де оқылады.

Қасиетті айда Ақтөбеде 18 мешіттің маңында дәстүрге сай киіз үйлер тігіліп, ауызашар беріледі. Ал, пітір садақасын жетім-жесірлерге, мұқтаж жандарға және студенттерге де беру үлкен сауап. Бұл айда жамағатқа жеңілдік үшін тарауих намазынан кейінгі "Тегін такси" секілді акциялар өтеді. Бұдан бөлек, "Отыз күнге - отыз сауап" атауымен қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады. Ал, имамдар арасында тұңғыш рет құранды жатқа оқудан сайыс болады.

Айтып өтейік, Ақтөбеде медресе колледжінің жаңа ғимараты бой көтереді. Бұл үшін арнайы жер телімі бөлінген болатын. Имамдар медресенің ғимаратын салуға кез-келген адам қаржылай қолдау көрсетуге болатынын айтады.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
14:09, 15 тамыз 2018
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
"БАҚЫТТЫ БАЛА" ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
18:32, 15 тамыз 2018
"БАҚЫТТЫ БАЛА" ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
Толығырақ...