ШҰҒЫЛ! Ақтөбе облысы көш бастап тұр Толығырақ

Бүгінде жетім балалардың саны азайып келеді

18:11, 7 желтоқсан 2017

Жүректен жүрекке. Қалалық оқушылар сарайында осындай атпен жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған  балаларды қолдауға бағытталған қайырымдылық шарсы  өтті. Жиналған қаржы тұрғынүйқұрылыс жинақбанкіндегі балалардың есеп шотына аударылады.

Қазір облыс бойынша 1 мыңнан аса жетім бала бар. Оның 804-і қамқорлыққа алынды. 91 бала патронтаттық отбасыларда тәрибеленуде. Ал 146-сы балалар үйінде өсәп жатыр. Жалпы соңғы жылдары балалар үйлерінің тұрғындары 70 пайызға азайды дейді білім басқармасының мамандары. Балаларды қолдау мақсатында өңірде 5 жылға арналған кешенді жоспар бар. 

Бүгінгі өткізіліп отырған қайырымдылық шарасы да осы кешенді жоспардың бір бөлігі. Айта кетсек, бұл санаттағы балаларға тұрғын үй қорынан баспана беріледі. Тек соңғы 10 жылда жетім балаларға  250 пәтер берілді. Қайырымдылық концертіне билеттер алдын ала сатылды. Бірнеше ақтөбелік компания қатысуға ниет білідіріп, бір реттік көмек көрсетті. Сертификаттар балалардың қолына табыс етілді. Кеште арнаулы түзету мектептерінің де оқушылары өнерлерін көрсетті.

Ұлағат Арғынұлы 

 

Тақырып бойынша материалдар

Дәрігерлердің үстінен 101 шағым түскен
19:28, 23 қаңтар 2018
Дәрігерлердің үстінен 101 шағым түскен
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ақтөбеде автобустың не себепті өртенгені анықталды
00:19, 20 қаңтар 2018
Ақтөбеде автобустың не себепті өртенгені анықталды
Толығырақ...
Апатты оқиғаға байланысты арнайы хабар
01:16, 19 қаңтар 2018
Апатты оқиғаға байланысты арнайы хабар
Толығырақ...
Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адам мерт болды (ВИДЕО)
14:17, 18 қаңтар 2018
Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адам мерт болды (ВИДЕО)
Толығырақ...