ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

БҰЛАҚТЫ АУЫЛЫНА 90 ЖЫЛ

19:21, 12 тамыз 2019

Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округіне қарасты Бұлақты ауылының құрылғанына тоқсан жыл! Айтулы күнді ауыл тұрғындары сән-салтанатымен атап өтті. Ауылға алты қанат 3 киіз үй тігіліп, ұлттық ойындардан түрлі жарыс ұйымдастырылды. Егіндібұлақ ауылдық округі 1929  жылы орталығы Шиілі ауылы №52 жылқы зауыты болып құрылған. 1931 жылы орталығы Родник елді мекеніне көшірілді. 1940 жылы асыл тұқымды жылқы өсірудегі табысқа жетті. 2008 жылы ауыл атауы Бұлақты болып ауысты. Бүгінде мекенде 456 шаңырақ бар. 38 шаруа қожалығы жұмыс істейді. 4 кәсіпкерлік, 7 әлеуметтік нысан бар. Шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған елдің іскер азаматтары.Тоқсан жылдыққа арналған ауыл тойы спорттық шаралардан бастау алды. Туған жерге жиналған әр жылғы түлектер командаға бөлініп футбол, волейболдан бақ сынады. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында  демалыс алаңы мен Ақтангер жүйрікке ескерткіш мүсін ашылды. №52-ші жылқы зауытының  шашасына шаң тимеген Ақтангер  сәйгүлігі аймақ мақтанышына айналды. Ол 10 шақырымды 13 минут, 11 секундтта шауып келген. Рекорд әлі жаңартылған жоқ. Шара барысында ауылдың ауыл үлкендеріне құрмет көрсетіліп, демеушілер шапан жапты.Қол күресінен біліктілер бәсекесіде көпшіліктің көңілінен шықты. Білек күшіне сенген қатысушылар санында шектеу болған жоқ. Сондай-ақ тоқсан жылдықпен орайластырылған қазақ күресінен 50-ге жуық өрен боз кілемде бақтарын сынады. Қазақша күрес пен өгіз палуаны екі салмақ дәрежесінде өтті. Ашық турнирге өзге аудан мен ауылдардан спортшылар келді. Олардың арасында көпке танымал спортшылар да бар.Қазақтың қанын қыздыратын ат жарысының орны ерекше. Дүбірлі доданы көру үшін көпшілік Тойтөбенің басына жиналды. 60-қа жуық шабандоз сәйгүліктерін әкелді.    Аламан бәйге, Құнан бәйге, Тай жарыста мәре сызығын бірінші кесіп өткендерге бағалы сыйлықтар табысталды. Топ бәйгеде озашапқан шабандоз жылқы мінді. Шара ауыл өнерпаздары ұйымдастырған кешке ұласты.Шағын мекеннің  дауына өз үлестерін қосқан ауыл азаматтары, елдің атын асқатып жүрген өнер адамдары мен спортшылар ескерусіз қалмады. Барлығына шара барысында ауыл әкімінің атынан арнайы алғыс хаттар табысталды.

Гүлия Айтуғанова

Тақырып бойынша материалдар

ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
19:44, 16 тамыз 2019
ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...