ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ ТИІМДІ ЖОСПАРЛАНУЫ ТИІС

17:36, 9 қыркүйек 2019

БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ ТИІМДІ ЖОСПАРЛАНУЫ ТИІС

Бюджет қаржысы тиімді жоспарлануы тиіс. Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысында осы мәселе талқыланды. Сондай-ақ, депутаттар ауыл шаруашылығы саласындағы кейбір мәселелерге наразылық білдірді. Ақтөбе облыстық тексеру комиссиясы 84 мемлекеттік нысанды бақылауға алған. Оның ішінде 19 мемлекеттік басқарма мен мекеме бюджет қаржысын тиімді пайдаланбаған. Негізгі олқылықтар мемлекеттік сатып алу және қызметкерлерге іссапар ақысын асырып жазудан болып отыр."Қазына қаржысын жоспарсыз талан-таражға салу жылдағы мәселе. Ендігі жерде оған жол бермеуіміз қажет",-деді облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова. Ол үшін қаражатты жоспарлауда кемшілік жіберген 19 мекеменің атын атап, түсін түстеп айту қажет екенін ескертті.

СӘНИЯ ҚАЛДЫҒҰЛОВА /АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ

-Барлық мемелкеттік мекемелердің тізімін беріңіз. Біз қазан айынан бастап, алдағы үш жылдың бюджетін қарайтын боламыз. Сіз бізге өзіңіз тексеріп, кемшілігін анықтаған 19 мекеменің тізімін берсеңіз, біз бюджетті жоспарлау кезінде талапты күшейтеміз.

Кеңейтілген кеңесте облыстың аграрлық саласы да сөз болды. Биыл облыста 14 кооператив қызметін уақытша тоқтатқан. Он үші жабылу сатысында. 51 кооператив жұмыс жасамайды. Олар инвестициялық субсидиялау, өнімді сатуда мемлекеттік қолдаудың көрсетілмеуі салдарынан зардап шегіп отыр. Осы мәселені жеткізген жауапты басқарма өкілін  депутаттар сұрақтың астына алды. Мемлекет қаржысын дұрыс пайдаланбаған аудандар да назардан тыс қалған жоқ. Шалқар, Ойыл аудандарының мемлекеттік басқармаларына қатысты бірнеше фактілер айтылды.

 

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
21:37, 18 қыркүйек 2019
МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...