ШҰҒЫЛ! ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ КӨБЕЙГЕН Толығырақ

БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН ТИІМСІЗ ЖҰМСАҒАН ӘКІМДЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ

19:06, 19 сәуір 2019

Бюджеттің кіріс бөлігін орындай алмай отырған аудан әкімдеріне шара қолданылады. Қаржылық тәртіпті бұзып, жоспарды дұрыс құра алмаған басшылар да жауапкершілікке тартылады. Бүгін облыстық әкімдікте өткен жиында Оңдасын Оразалин осылай деп талап қойды.

Бюджет бүйірі толмай отыр. Бүгінгі күнге облыс қазынасының кірісі 114 млрд  теңгені құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда 4,5 млрд теңгеге аз. Бірінші тоқсан қорытындысы да көңіл көншітпейді. бюджетке 26,7 млрд теңге түсті. Бұл да былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,1 млрд теңгеге  төмен. Ақтөбе қаласы,  Мұғалжар, Әйтеке би, Ырғыз, Алға аудандарының кірісі кеміген. Мұның бәрі облыс басшысының назарына ілікті.   Оңдасын Оразалин  аталған кемшіліктер бойынша аудан әкімдеріне қатаң ескерту жасады.

Осы жиында басшылар қаржылық  тәртіпті  дұрыс сақтамай отырғаны да ашық айтылды. Жобалық сметалық  құжаттардың дұрыс құрылмауынан бюджет қаржысы желге ұшқан. Мәселен, 2017 жылы  Қарғалы  ауданында спорт мектебінің жобалық сметалық  құжатына  4 млн теңге  жұмсалған. Кейін ол мектептің мүлдем қажет еместігі белгілі болды. Ал дәл осы ауданның 5 ауылы ауызсу желісі жоқ және  көгілдір отынсыз отыр. Мұндай кереғар жағдай  өзге аудандарда кездеседі. Облыс әкімі ашуға мінді. Оңдасын Оразалин  жауапсыздыққа  жол бергендер мен  жоспарды  дұрыс  құрмай, қаражатты  тиімсіз жұмсағандарға аяушылық танытпайтынын  айтты. 

Айгүл Баймен, Саламат Қалекенов.

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:32, 24 мамыр 2019
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:50, 21 мамыр 2019
ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...