ШҰҒЫЛ! Оқушылардың ас мәзіріне енді ара балы қосылады Толығырақ

Бюджет толық игерілмей отыр

14:00, 6 желтоқсан 2017

Облыс бюджетінің шығыс бөлігі жыл соңына дейін толық игерілмеуі мүмкін. Бұл туралы облыс әкіміне қаржы саласының басшылары мәлімдеді. Бұдан бөлек, жиын барысында білім саласында қордаланған мәселелер де талқыланды. Дәлірек айтқанда, облыс мектептерінде оқушылардың сабақ үлгерімі төмендеп кеткен.

Қаржы басқармасының басшысы Гүлкәсима Сүйентаеваның мәліметі бойынша, облыс бюджетінің кіріс бөлігі 108,8 пайызға, шығысы 97,4 пайызға ғана орындалуы мүмкін. Берілген қаражатты спорт басқармасы, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы басқармалары және Мұғалжар, Алға, Мәртөк, Ойыл аудандары игере алмай отыр. Өңір басшысы жіберілген кемшіліктерді жыл соңына дейін түзетуді талап етті.

Сондай-ақ, білім саласын бақылау департаментінің 11 айда атқарған жұмысы тыңдалды. Мектептерде жүргізілген тексерулер қорытындылары, оқушылардың үлгерімі туралы айтылды.

Бердібек Сапарбаев білім басқармасына білім саласын бақылау департаментімен бірлесіп, мектептердің кадрлық мәселесін, материалдық-техникалық қамтылуын жаңғырту жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Айгүл Байменова 

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекеттік қызмет сапасы бақылауда
20:12, 13 желтоқсан 2017
Мемлекеттік қызмет сапасы бақылауда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Бүгінде жетім балалардың саны азайып келеді
18:11, 7 желтоқсан 2017
Бүгінде жетім балалардың саны азайып келеді
Толығырақ...
Жас таэквондошылар ашық турнир өткізді
15:14, 11 желтоқсан 2017
Жас таэквондошылар ашық турнир өткізді
Толығырақ...