ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

19:58, 12 қыркүйек 2019

 

 «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын жүзеге асыруға  2020 жылы бюджеттен 94,6 млрд теңге бөлінеді.  Ал апатты мектептерді жоюға 287 млрд теңгеге жуық қаржы бағытталмақ. Бүгін Мәжілісте 2020-2022 жылдарға арналған заң жобасының таныстырылымы өтті. Сонымен қатар қорғаныс, құқық қорғау органдарын қамтамасыз ету үшін бюджетте 1,5 трлн теңге қарастырылған. Көпті алаңдатққан студенттердің жатақхана мәселесі де 2022 жылға таман шешілуі мүмкін. Байыппен байыптап, сақадай салмақтаған Үкімет мүшелері 75 мың орындық жатақхана салынады деп сендірді. Ал сарапшылардың пікірінше ашық тұрған қазаннан қарпып қалғысы келетін квазимемлекеттік секторға қаржыны қысқарту қажет. Құжаттың шикі тұстары алдағы жұмыс топтарының отырыстарында қаралады, оған қоғам белсенділері де қатысады. 

ТАТЬЯНА ЯКОВЛЕВА /ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Тұңғыш Президент «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің отырысында жалпы ішкі көлемді 7,5 пайыздан кем емес қамтамасыз етуіміз керек деді. Бәріміз осы мақсатта жұмыс істеуіміз керек.

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

11:48, 21 қараша 2019
Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Толығырақ...