ШҰҒЫЛ! ЕҢ ҮЗДІК ЕТ - 2019 Толығырақ

"ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН" БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

17:22, 10 қаңтар 2019

Ақтөбе "ақылды шаһарға" айналады, ең бастысы, қауіпсіз қала болмақ. Ең алыс ауылдың адамы үшін осы заманғы технология қалтқысыз қызмет көрсетеді. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының өңірде жүзеге асырылу барысы талқыланды.

"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыру үшін екі жылда  2 миллиард 220 миллион теңге қаражат қазынадан қаралған. Биыл да облыстың уақыт көшіне ілесуі үшін бюджет бүйірінен 1 миллиард 700 миллион теңге бөлінбек. Енді елдімекендердің бәрін ғаламнан ақпарат беретін ғаламторға қосу, интернеттің жылдамдығын артту жұмыстары басты назарда деді облыс әкімі. 

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының шарапатын медицина мекемелері де көріп отыр. 353 медицина ошағының бәрі бірдей болмағанымен интернет желісіне қосылғандары көп. Дегенмен, кемшіліктер де жоқ емес. Бердібек Сапарбаев облыстың бас дәрігерінен емханалардағы электрондық кезек мәселесін тез арада шешуді талап етті.

Ал облыстың 399 мектебінің бәрі бірдей интернет жүйесіне қосылған. Оның ішінде 202 мектеп Wi-Fi желісін пайдаланып отыр. Әсіресе ауыл мектептері 100 пайыз интернетке қосылды деп мәлімдеді облыстың бас мұғалімі. Және "Цифрлық білім" беруді енгізу үшін мұғалімдер "Күнделік" бағдарламасын күнделікті пайдалана бастады. Ол үшін облыс әкімінің тапсырмасымен бес мың компьютер алынған.

"Ақтөбе смарт сити" бағдарламасының жүзеге асырылу барысын шаһар басшысы Ілияс Испанов баяндады. Ол Ақтөбені ақылды қалаға айналдыруды мақсат ететін алғышарттардың іске асқанын мысал етті. "Ақылды қала" ақылды коммуналдық жүйеге негізделеді. Осы мақсатта көпқабатты үйлер пайдаланылған су, жылуды, газды есептейтін ортақ құрылғыға қосылып жатыр.

Ақылды қала ең бастысы, қауіпсіз болуы шарт. Ақтөбеде бұл мақсатта 130 бейнебақылау камерасы орнатылған. Алайда, облыс әкімі цифрландыру мәселесіне келгенде ішкі істер органдарының ақсап тұрғанын айтты. 

Жалпы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында ел үкіметі өткен жылы 5 жол картасын бекітті: қауіпсіздік, білім, денсаулық сақтау, көлік және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы. Ақтөбе облысында 14 жоба жүзеге асып, енді сегізі бойынша жұмыс қолға алынған. Жиынды қорытындылаған өңір басшысы "Ақтөбе цифрландыруға келгенде өзге облыстардан кенже қалмауы тиіс, әлемнің озық ойлы ілімі мен білімін біз де әр салада неғұрлым тез енгізуге тиістіміз", - деп жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді. 

Тақырып бойынша материалдар

12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА  БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
19:20, 22 наурыз 2019
12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
17:31, 18 наурыз 2019
БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
Толығырақ...