ШҰҒЫЛ! COVID-19: ҚАЗАҚСТАН "ҚЫЗЫЛ" АЙМАҚҚА КІРДІ Толығырақ

COVID-19: 12 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ

16:20, 8 қаңтар 2021

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 12 жағдай тіркелді. Жалпы облыста эпидахуал тұрақты. Әзірге жасыл аймақта. Десе де арқаны кеңге салуға болмайды. мамандар.Санитарлық нормаларды орындап, карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырады.  Өңірлік коммуникация орталығында өңірдің бүгінгі эпид жағдайын баяндады.

Жалпы бүгінге дейін індетке шалдыққандардың саны 3741 адамға жетті. Олардың 3716-ы толықтай жазылып шықты. Ауырғандардың ішінде қайта індетке шалдыққандар жоқ. Облыстың бас санитария дәрігері бүгінгі таңдағы жағдайды айтып берді. 

Үй карантинінде 175 адам ем қабылдап жатыр. Барлығы дәрігерлердің қатаң бақылауда.  Одан бөлек, ауруханаларда емделіп жатқан бар. 
Сонымен қатар мониторингі мобильді топтар жұмыс істеуде. Қанша айтылып , ескертіліп жүрсе де, карантин талаптарын бұзғандар толастар емес. Ережені сақтамағандар әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл арқалайды. 

Алда келе жатқан сайлау науқанына байланысты мамандар барынша сақ болуға шақырады. Әлеуметтік арақашықтықты сақтап, бетперде тағу  талаптарын еске салды. Айта кетейік, бүгінде ПТР сынамасын қабылдайтын 5 зертхана жұмыс істеп тұр. Бұл дегеніміз, бір күнде 2400-ге дейін сынама жасауға мүмкіндік бар. 

ЖАНСАЯ ӘБДІКӘРІМОВА

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
20:00, 26 қаңтар 2021
БИЫЛ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар