ШҰҒЫЛ! #САУЛЫҚСАҚТЫҚТА Толығырақ

COVID-19: 4 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ

16:20, 20 қараша 2020

Өңірде эпидахуал тұрақты. Өткен тәулікте қауіпті індет жұқтырған 4 адам тіркелді. Оның үшеуі қала тұрғыны болса, біреуі Мәртөк ауданынан анықталып отыр. Вирус жұқтырған қала тұрғынының біреуі науқас адаммен байланыста болған. Барлығы дәрігер бақылауына алынды.
Бүгінде облыс бойынша коронавирус инфекциясына шалдыққандардың саны 3431-ге жетті. Мамандардың сөзінше, аурушаңдық өсімі 0,1 %-ды құрап отыр. Оның ішінде 1680 адамда ауру белгілері тіркелсе, өзгесі симптомсыз түріне шалдыққан. 3301 адам жазылып шықты. 
Қауіпті кеселге шалдыққан 15 адам инфекциялық стационарда ем қабылдап жатыр. Олардың 7-і қала тұрғыны. Одан бөлек, Хромтау, Шалқар, Мәртөк аудандарында 8 адам бар. Айта кетейік,  екі науқас жансақтау бөлімінде ем алуда. Сонымен бірге өткен тәулікте 3 адам пневмонияға шалдығып, дәрігер көмегіне жүгінді. 
Қазіргі таңда 349 адам үй карантинінде. Барлығы дәрігердің қатаң бақылауына алынды. 

Жансая Әбдікәрімова

Тақырып бойынша материалдар

17 МЫҢ АДАМ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРЫҒЫНА ІЛІНГЕН
20:00, 27 қараша 2020
17 МЫҢ АДАМ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРЫҒЫНА ІЛІНГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
20:00, 26 қараша 2020
АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
Толығырақ...
ТЕЛЕАРНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
16:20, 23 қараша 2020
ТЕЛЕАРНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...