
Өңірде эпидахуал тұрақты. Десек те өткен тәулікте тағы 5 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Олардың үшеуі Ақтөбе қаласының тұрғыны болса, өзгесі Мәртөк ауданының тұрғыны. Бүгінге дейін барлығы 3493 жағдай тіркелсе, оның 95 пайызы жазылды. Қазіргі кезде 238 адам үй карантинінде. Оларды дәрігерлер өз бақылауына алған.