
Өңірде эпидахуал тұрақты. Өткен тәулікте тек бір адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Алға ауданының тұрғыны вирустың симптомды түріне шалдыққан. Жалпы облыста бүгінге дейін 3767 жағдай тіркелді. Қазіргі кезде 99 пайыздан астамы жазылып, үйіне оралды. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 200-ден астам адам карантинде. Медицина қызметкерлері оларды өз бақылауына алған.