ШҰҒЫЛ! COVID-19: 9 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ МОНИТОРИНГ ТОБЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

21:04, 26 маусым 2020

Демалыс күндері учаскелік полиция инспекторлары, санитар мамандар мен әкімдік қызметкерлері, қоғамдық кеңес күшелері көшеде жүреді. Мониторинг тобы шектеу шарасының орындалуын тексереді. Бұл күндері қоғамдық тамақтану орны, базарлар жабылатындықтан қозғалыс та аз болады деп күтілуде. Аурудың одан әрі таралып кетпеуі үшін қолға алынған шара мен өңірдегі ахуал туралы тілшіміз айтып береді. Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал өршіп барады. Вирустық инфекция жұқтырғандар да, симптомсыз ауруды тасымалдаушылар да, өкпе қабынуы дерті асқынғандар да күн санап көбеюде.  Байғанин, Мұғалжар, Шалқар және Қарғалы аудандарында да инфекция жұқтыру дерегі тіркелген. Бүгінде қала бойынша ауру жұқтырғандар саны 700-ден асты. Науқастар қатарының артуына байланысты қалада провизорлық госпитальдерді көбейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағы да еске саламыз. 26-29-шы маусым аралығында шектеу шаралары күшейтілді. Қала тұрғындары демалыс күндері бейберекет көшеге шыға алмайды. Тек дүкенге, дәріханаға баруға рұқсат. Талап бойынша, жұмысын тоқтатқан барлық сауда нысаны мен тамақтану орнында дезинфекциялық тазалау жүргізілуі керек. Қоғамдық көліктер тоқтайды. 2 күн бойы автобус салондары да өңделеді. 
НҰРСҰЛУ БЕРКІМБАЕВА 
ОБЛЫСТЫҚ  ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ 
Үлкен сауда орындарындағы дезинфекциялық туннелдер жұмыс істемей тұр деген деректер тіркелді.  Республиканың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес негізгі алгоритмдерді кәсіпкерлерге қайта түсіндірдік. Талап бойынша, олар қызметкерлердің денсаулық жағдайын  күніне үш мәрте тексеруден өткізуі керек. 
Алдағы 2 күнде мониторинг тобы шектеу шарасының орындалуын тексереді. Бұған дейін той - садақа өткізген 11 мейрамхана бойынша хаттама толтырылып, іс әкімшілік сотқа жіберілген. 

Әсем Самбаеа

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖАЛҒАСАДЫ
20:00, 4 желтоқсан 2020
ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖАЛҒАСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар