ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШ АРТТЫ

14:55, 8 қараша 2019


2050 жылы Ақтөбе миллиондар қаласына айналады,-дейді өңір демографиясына болжам жасаған мамандар. Өмір сүру ұзақтығы да ұлғаймақ. Сондай-ақ, қаладағы қоқыс смарт жүйесі арқылы жиналып, қайта өңдеуден өтеді. Жасыл құрылыс қарқын алады. Бұл істердің стратегиялық бағдарламасы бүгін облыстық мәслихатта талқыланды. 30 жылдан соң Ақтөбе қандай болады? Қазіргі таңда қалада 487 992 адам тұрады. Демографиялық өсім бар. Өлім көрсеткіші азайды. 2009-2018 жылдар аралығында қала халқының саны 23,4 пайызға артқан. Жыл сайынғы көрсеткіштің өсуіне қарап мамандар 2050 жылға қарай Ақтөбе қаласы тұрғындары 1 миллионға жетеді деп болжап отыр.  Болашаққа құрылған стратегия адами капиталды дамытуды көздейді. Бір тармағы халық санын көбейту болса бірі қажетті кадрларды даярлау. Ол үшін жергілікті кәсіпорындардың әлеуетін қарап, 2025 жылға қарай университеттердің білім беру бағдарламаларын еңбек нарығына сәйкес құру қажеттігі айтылады. Ал, экологиялық таза қала құру үшін 2018 жылы арнайы өңіраралық жоспар әзірленген.  

НҰРГҮЛ КЕНЖЕҒАРИНА

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Өңіраралық схеманы әзірлеудің стратегиялық мақсаты инвестициялар тарту, бизнесті жүргізу үшін неғұрлым жайлы климат, халықтың тұрмысы, еңбек етуі мен демалуы үшін қолайлы жағдай жасау. Ақтөбе агломерациясын Қазақстанның серпінді индустриялық-инновациялық орталықтардың біріне айналдыру болып табылады.

Жасыл құрылыс қарқынды дамитын болады. Экологиялық қауіпсіз, қалдықсыз, ресурс және электр энергиясы үнемделеді. Ол үшін технологиялар енгізіледі. Көгалдандыру мәселесі де өз шешімін табады. 1 адамға шаққанда 10 шаршы метр жасыл желекті көшеттер жайқалады. Жергілікті шенеуніктер болашаққа осындай жоспар ұсынып, оның орындалатынына сенім білдірді. Ал, депутаттарды бұл жұмыстарға жұмсалатын шығынның есебіне мән беруді ұсынды.

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ ТЕГІН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ
18:30, 28 наурыз 2020
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ ТЕГІН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ
15:36, 23 наурыз 2020
ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...