ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ-2019

19:39, 9 қыркүйек 2019

Ақтөбеліктер жалпыұлттық "Денсаулық фестиваліне" қатысты. Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан шара бұл жолы 5000-ға жуық адамды қамтыды. Қаламыздың бес бірдей қоғамдық орнында ұйымдастырылған спорттық фестивалға тұрғындар, студенттер мен оқушылар қатысты. Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған шара, көптеген ақтөбеліктердің басын қосты. Қаланың түрлі оқу орындары студенттері мен жастар ұйымдарының белсенділері фестивальге зор мән берді. Себебі 90-шы жылдардың соңынан бері, дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан фестивальді қолдаушылар да, қатысушылар да көп. Жыл өткен сайын қатары молаюда. 

ӘСЕТ ҚАЛИЕВ /БЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Осы фестивалды ұйымдастырудың негізгі мақсаты - тұрғындарға салаутты өмір салтын ұстанудың, денсаулықты сақтаудың маңыздылығын жеткізу. Өздеріңіз білесіздер, осы біздің облыс орталығында "Денсаулық саябағы" бар. Бұл саябақтабіздің медицина қызметкерлері  тұрақты түрде тұрғындармен жұмыс жүргізеді. Аптасына екі рет аталған саябақта скандинавтық жүріс бойынша сабақтар, шеберлік кластар ұйымдастырып, жұмыстар жүргізіп жатырмыз.

Жиналғандар фестивал аясында бірнеше жарысқа қатысты. Алдымен, жаттығу жұмыстарын жасап, салауатты өмір салтын қолдауға бағытталған флешмоб өтті.  Шара барысында, белгілі спортшылар да ақтөбеліктермен бірге өнер көрсетті.

Денсаулық фестивалі қаладағы бес бірдей қоғамдық орында өтті. Барлық жерде де бір уақытта басталып, бір мезгілде аяқталды. Белсене қатысқандар алғыс хатпен марапатталды

Азамат ӘБІЛҚАЙЫР

Тақырып бойынша материалдар

МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
21:37, 18 қыркүйек 2019
МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...