ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ДЕНСАУЛЫҚ КОДЕКСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

20:39, 13 ақпан 2020

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге бастаған делегациямен кездесті. Тараптар алғашқы медициналық-санитарлық көмек саласындағы өзара іс-қимыл, озық технологияларды енгізу, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселелерін қозғады. Нұрлан Нығматулин қазіргі уақытта Мәжілісте қаралып жатқан Денсаулық кодексі туралы заң жобасымен жан-жақты жұмыс істеу үшін депутаттар оның нормаларын түрлі диалог алаңдарында кеңінен талқылап жатқандығын атап өтті. Жұмыс тобының құрамында депутаттармен қатар үкіметтік емес ұйымдармен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, дәрігерлер және медициналық білім саласындағы мамандар бар. 
НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН 
ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Қазіргі уақытта Кодекс жобасы бойынша жұмыс жалғасуда. Біз ең озық халықаралық тәжірибені және ДДСҰ ұсынымдарын қолдануға тырысамыз. Түпкілікті нәтиже, әрине, қоғамның барлық секторларының пікірлерін ескере отырып, консенсусқа негізделеді. Депутаттық корпус, әрине, жаңа Кодекс қабылданғаннан кейін медициналық қызметтердің қол жетімді болуына және олардың сапасын жақсартуға мүдделі болады.
Сонымен қатар Премьер-министр Асқар Мамин де Ханс Клюгемен кездесті. Кездесу барысында Денсаулық сақтау министрлігі мен Еуропалық өңірлік бюро арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған келісімге отыру мәселесі талқыланды. Өз кезегінде Асқар Мамин Қазақстанға төтенше жағдайлар бойынша Өңірлік орталық мәртебесін беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Тақырып бойынша материалдар

ЖАУЫНГЕР-ИНТЕРНАЦИОНАЛИСТЕР ҚАРУЛАСТАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
17:19, 17 ақпан 2020
ЖАУЫНГЕР-ИНТЕРНАЦИОНАЛИСТЕР ҚАРУЛАСТАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"GOLD" КОМПАНИЯСЫНА САЛЫНҒАН ҚАРЖЫ ҚАЙТАРЫЛАДЫ МА?!
21:32, 10 ақпан 2020
"GOLD" КОМПАНИЯСЫНА САЛЫНҒАН ҚАРЖЫ ҚАЙТАРЫЛАДЫ МА?!
Толығырақ...