ШҰҒЫЛ! МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМДЫ Толығырақ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

20:19, 9 тамыз 2018

Денсаулық сақтау саласындағы мәселелер облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің қатысуымен өткен кеңейтілген жиында талқыланды. Онда бас дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне екпеден бас тарту және саланы цифрландыру бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.

Облыста түрлі себептермен 2608 бала екпеден бас тартып отыр. Олардың басым бөлігі - Темір, Байғанин, Алға және Мұғалжар аудандарында. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазір әрбір емдеу мекемесінде осы мәселеге қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев дәрігерлерге бұл жағдайдың себептерін анықтауды және түсіндіру жұмыстарын күшейтуді міндеттеді. Осыған орай, дәрігерлер мен теологтар бірлесіп, ата-аналармен жеке кездесу қажет деді. Бұдан бөлек, жиында медицина саласын цифрландыру жұмыстары қаралды.

Бүгінде облыстың денсаулық сақтау саласында цифрландыру жұмысы қарқынды жүруде. Дегенмен, аз-кем кемшіліктер де бар. Мәселен, өңірдің 355 медициналық мекеменің 126-сы ғаламтор желісіне қосылған. Ал, шалғай ауылдардағы 223 нысанда интернет мүлде жоқ. Оның ішінде Ырғыз, Байғанин, Ойыл, Қобда, Шалқар және Темір аудандары бар. Жыл соңына дейін жоспар бойынша 500-ге дейін халық саны бар елдімекендерді 100 пайыз ғаламтормен қамту жоспарланған.

Облыс әкімінің орынбасары мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасымен қолға алынған "Құпия сатып алушы" әдісінің әлеуметтік бақылау қорытындысын жариялады. Мәселен, медицина мекемелеріндегі ақпараттық бұрыштардың аздығы, сондай-ақ, 086 медициналық анықтамасының заңсыз жүзеге асырылғаны анықталды. Сондай-ақ, тексерілген клиникаларда халықты қалаған мекемеге қалай бекіту туралы сауатты кеңес беретін дәрігер болмапты.

Ербол Нұрғалиев анықталған кемшіліктерді жою және медициналық қызметтердің сапасын жақсарту үшін дәрігерлерге уақыт берді. Нақты тапсырмалар жүктеді.

Тақырып бойынша материалдар

 "АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ СӘН КӨРСЕТІЛІМІ
18:59, 16 қазан 2018
"АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ СӘН КӨРСЕТІЛІМІ
Толығырақ...
ЭНЕРГОТИІМДІЛІК ОРТАЛЫҒЫ - "ЕХРО-2017" КӨРМЕСІНІҢ ЖЕМІСІ
18:44, 16 қазан 2018
ЭНЕРГОТИІМДІЛІК ОРТАЛЫҒЫ - "ЕХРО-2017" КӨРМЕСІНІҢ ЖЕМІСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар