ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

20:33, 4 қараша 2019

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру деген не?Бұл халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі.Оны жүзеге асыруда Ақтөбеде қандай шаралар қолға алынуда? Үкімет мүшелерінің өңірдегі денсаулық сақтау саласымен кездесуінде осы мәселелер қаралды. Дәрігерлермен кездесу барысында ҚР Денсаулық сақтау  министрлігінің Жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова  медициналық кластерді дамыту және міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыруды енгізу жөнінде, 2020 жылдың  қаңтар айында енгізілетін   жаңа өзгерістер жайын баяндады. Ел тұрғындарының 87 пайызы  сақтандыру жүйесімен қамтылды. Оның ішінде 10 миллион адамға жеңілдік берілді.

БОТАГӨЗ ЖАҚСЕЛЕКОВА /ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ

5,4 миллион жалдамалы жұмысшылар, 700 мың жеке кәсіпкерлер, тағы  200 мың адам бар. Елдің қалған азаматтары жүйенің дербес қатысушылары бола алады. Ақтөбе облысы бойынша 459 мың адамға жеңілдік жасалады. 275 мың адам жалдамалы жұмысшылар қатарына жатады. 30 мың адам жеке кәсіпкерлер. Осылайша, Ақтөбе халқының 88 пайызы сақтандыру жүйесіне енгізілді.

Жаңа жүйеге енуде кедерлігер де бар. Облыста 29 мың 700 жұмысшының 3 айдан бері жарнасы аударылмаған.  Соның салдарынан бұл адамдар  сақтандыру аясында берілетін медициналық көмектен қағылуы мүмкін. Бердібек Сапарбаев халықтың дәрі- дәрмекпен толық қамтамасыз етілуі, бағасының тұрақтылығын бақылауды ұстау қажеттігін айтты. Премьер-министрдің орынбасары міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандырудың енгізілетін мерзімі өзгермейтінін айтты. Ал, сала қызметкерлеріне әлеуметтік желіде көтерілетін мәселелерге жіті  назар аударып, оны шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ /ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Тұрғындарды бала өлімі деректері алаңдатады. Атырау, Маңғыстауда болған жайттардан  хабардарсыздар. Ол қаталанбауы тиіс. Өкінішке орай, бала өліміне қатысты статистикалық  есепте  қателіктерге жол бердік. Менен де жақсы білесіздер, қазір жаңа ереже бар. Нәрестенің  салмағы 50 грамман бастап оның өсіп жетілу туралы  есеп жасалуы тиіс. Кейбір перинаталдық орталықтар, перзентханалар есеп деректерін  жасырады.

Жиында кадр тапшылығы сөз болды. Ел бойынша 5 мыңнан аса дәрігер жетіспейді  қажет. Бұл мәселені жергілікті билік осындағы медциналық университетпен бірлесіп шешуді тапсырды.

Венера Серғазы

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ ТЕГІН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ
18:30, 28 наурыз 2020
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ ТЕГІН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ
15:36, 23 наурыз 2020
ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...