ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА ҚЫЛМЫС 15 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ Толығырақ

"DENTAL AKTOBE" ЕМХАНАСЫ АШЫЛДЫ

16:06, 8 ақпан 2019

Енді ақтөбеліктер заманауи үлгідегі технологиялық құралдармен жабдықталған стоматологиялық емхананың қызметін пайдалана алады. Қаланың орталығында "Дентал Ақтөбе" клиникасы ашылды. Онда тіс ауруларын емдейтін жоғары сапалы қызмет түрлері көрсетіледі. 

Ақтөбенің орталығында салынған жаңа емхана науқастардың тіс ауруын емдейді. Үш қабатты ғимаратта әрбір науқасқа жеке-дара сапалы қызмет көрсетіледі. Мұнда ол үшін барлық жағдай жасалған. 

"Дентал Ақтөбе" емханасы уақыт талабына сай бой көтерген ғимарат. Заманауи үлгідегі емдеу мекемесін Ұлан Байбактин салды. Ол 30 жылдан астам уақыт бойы стоматология саласында еңбек етті, енді сүйікті ісінің сапасын арттыруды ойлайды. Ол үшін барлық жағдай бар, жаңа технологияларға негізделген қажетті аппараттар, құрылғылар жеткілікті. және осылардың бәрі де әлемдік деңгейде танымал стоматологиялық компаниялардың өнімдері.

Науқастарға стоматологиялық қызметтің барлық түрлері көрсетіледі. Емханада біліктілігі жоғары дәрігерлер жұмыс істейді. Ортопедтер, хирургтер, терапевттер емдеу және аурулардың алдын алу бойынша дәрігерлік кеңестер береді. Сондай-ақ, ауру тістің орнына сізге жаңа импланттар орнатып береді. Ол үшін барлық стоматологиялық шаралар арнайы жабдықталған кабинеттерде жасалады. және қолданылатын құралдардың бәрі де, тіпті орындықтар да жаңа үліде жасалған бұйымдар. 

Емхана күніне 60 адамға қызмет көрсетеді. Білікті дәрігерлер Сіздің барлық ұсыныс-тілектеріңізді қабыл алады.

Тақырып бойынша материалдар

 ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ОНЛАЙН АЛУҒА БОЛАДЫ
21:18, 18 маусым 2019
ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ОНЛАЙН АЛУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЫРҒЫЗДЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ КӨЛІК ОЙЛАП ТАПТЫ
20:52, 12 маусым 2019
ЫРҒЫЗДЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ КӨЛІК ОЙЛАП ТАПТЫ
Толығырақ...