ШҰҒЫЛ! ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА Толығырақ

ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

19:45, 13 сәуір 2018

Ақтөбеде дәрі-дәрмек құны тексеріліп жатыр.  Еске салсақ, облыс әкімінің тапсырмасымен медициналық препараттардың бағасын тұрақтандыру бойынша  үшжақты меморандум жасалған болатын. Сол құжаттың негізінде арнайы құрылған комиссия қаладағы бірнеше дәріханалардағы бағаны салыстырып тексерді.

Комиссия құрамында  облыстық мәслихат депуттары, қоғамдық кеңес мүшелері бар. Бүгін олар Есет батыр көшесіндегі бірнеше дәріханаларда болды.

Меморандум аясында 110  дәрінің бағасы 10 пайыздан аспайтын үстемеақымен сатылуы тиіс.  Алайда, дәрханалардағы жағдай жиі   басқаша болып жатады. 

Ал, тұрғындар болса,  дәрі-дәрмектің бағасы тым қымбат әсіресе мүгедек жандар үшін дейді.

Бүгінде елімізде сертификатталған жеті мыңға жуық дәрілік препарат түрі бар. Елбасы Жолдауында фармацевтика нарығында бағаны реттеуді тапсырған болатын. Осы мақсатта өткен жылы Ақтөбе облысында дәріханалар меморандумға қол қойды. Биыл бұл келісім жаңарып, облыс әкімдігі, фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы  мен медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаменті үш жақты келісімді бекітті. Егер де тұрғындар тарапынан қандай да бір арыз-шағым болса, фармацевтикалық қызметті бақылау департаментіне 50-06-38 сенім телефонына хабарласуға болады.

Тақырып бойынша материалдар

WIPON АРҚЫЛЫ ЖАЛҒАН ӨНІМДІ  АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ
18:12, 25 қыркүйек 2018
WIPON АРҚЫЛЫ ЖАЛҒАН ӨНІМДІ АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...
АҚЫН МЫРЗАН КЕНЖЕБАЙДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ
18:08, 25 қыркүйек 2018
АҚЫН МЫРЗАН КЕНЖЕБАЙДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ" ТЕАТР МАУСЫМЫН АШТЫ
20:08, 21 қыркүйек 2018
"БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ" ТЕАТР МАУСЫМЫН АШТЫ
Толығырақ...
АҚТӨБЕДЕ "АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
18:00, 21 қыркүйек 2018
АҚТӨБЕДЕ "АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...