ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТАҒЫ ЖАЛПЫ АХУАЛ Толығырақ

ДӘРІ-ДӘРМЕККЕ ҚОМАҚТЫ ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ

19:23, 7 шілде 2020

Ауруханалар жұмысы бірізге түсті. Қазір өкпе қабынуы дертіне шалдыққандарды медциналық университет жатақханасында ашылған прозизорлық стационарға қабылдап жатыр. Сонымен бірге облыста дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі шешімін тапты. Ресеймен келісім бар. Осы және өзге де шұғыл шешім туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде айтылды. Мән-жайды тілші тарқатады.  
Қазіргі уақытта алты аурухана негізінде провизорлық-инфекциялық стационар қалыпты жұмыс істеп тұр. Деректерді сөйлетсек, инфекциялық стационардың 36, провизорлық емдеу орнының 74 пайызында науқастар жатыр. 
Өңірде білім ордасы мен мейрамхана, қонақүйді аурухана ретінде пайдалану жоспары жоқ. Себебі жұмыс істеп тұрған емдеу орталықтарында орын жеткілікті. Бұдан бөлек қосымша 700 орын дайындалып жатыр. Ал, енді дәрі-дәрмек мәселесіне келейік. Бүгінгі күні облыстағы дәріханалардың қорын толықтыру мақсатында бюжеттен 500 млн теңге қаржы бөлінген. 
Әрине, халыққа алдымен керегі нақты ақпарат. Жоғарыда айтып өткеніміздей жауапты мамандар емдау орталықтарында орын барын айтады. Алаңдауға негіз жоқ дейді олар.Облыстың бас санитария дәрігері болса, 5-ші шілдеден бастап карантин режимі енгізілсе де сақтық шараларын естен шығаратындар барын қынжыла баяндады. Оның айтуынша, облыс орталығында, аудандарда арнайы құрылған топ жұмыс істеп жатыр. Олар кәсіпкерлік нысандарын аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. 
НҰРСҰЛУ БЕРКІМБАЕВА 
ОБЛЫСТЫҚ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
 Карантин талаптарын сақтамай, тәртіп бұзу жағдайлары кездесуде. Бүгінгі күнге дейін облыс орталығында 17, аудандарда 3 оқиға анықталды. Аймақтардағы арнайы құрылған топ кәсіпкерлерге карантин ережесін танысытырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.  
Мамандар арақашықтықты сақтап, бетперде тағып жүруді тағы ескертті. Карантин уақытында той, садақа, түрлі жиын секілді көпшілік шаралар ұйымдастыруға болмайды. Ондай жағдай анықталса, заң аясында айыппұл салынады.

Дархан Мектепбай

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар