ШҰҒЫЛ! ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ Толығырақ

Дәрі-дәрмекті интернет арқылы сатушылар көбейді

18:37, 13 наурыз 2018

Ақтөбеде медициналық препараттарды интернет арқылы сататындар көбейген. Мұны дәрігерлердің қолдамайтыны анық. Бірақ, әлеуметтік желілердің көмегімен қолданғаннан қалған дәрі-дәрмегін жарнамалап сататындардың тұтынушылары да көп болып отыр.

Ғылым мен техника дамыған заманда интернет араласпайтын сала жоқ. Қолымыз қалт етсе, жаһан жаңалығына үңілетініміз рас. Киім мен жиһазды айтпағанда, дәріні әлеуметтік желі арқылы сатып алатындар көбейіп барады. Мәселен, инстаграмдағы "Мамочки Ақтөбе" деген парақшада ақтөбеліктер өздері қолданғаннан артылып қалған дәрілерді арзан бағаға ұсынады екен. Одан қалды, қымбат препараттарды іздеп, сатып аламын деушілер де пікір қалдырады. Бұл дұрыс емес дейді - дәрігерлер.

Көзбен көріп, қолмен ұстамаған соң  күмән тудыратыны рас. Көпшілік дәріні жарнамаға сеніп сатып алады екен. Алайда, кейбіреулер қалтасы көтере бермейтін қымбат дәрілерді арзанға бағаға ойланбастан алуға дайын болып шықты. Бұл жағдайда тұрғындардың өз айтары бар.

Елімізде заң бойынша, медициналық өнімді ғаламтор арқылы өткізуге тыйым салынған. Деседе бұл әлеуметтік желі қолданушыларына кедергі келтіріп отырған жоқ. Соңғы жылдары елімізде дәрінің жағымсыз әсеріне шағым жасайтындар көбейген. Сондықтан, фармацевтика комитетінің өкілдері интернетке емес, дәрігер кеңесіне жүгінуді ескертті.

Тақырып бойынша материалдар

"ЖҰБАНОВТАР ӘУЕНІ - 2018" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХОР МУЗЫКАСЫ БАЙҚАУ-ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ
18:54, 22 маусым 2018
"ЖҰБАНОВТАР ӘУЕНІ - 2018" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХОР МУЗЫКАСЫ БАЙҚАУ-ФЕ...
Толығырақ...
АРДАГЕР ВЕЛОСИПЕДПЕН ҰЗАҚ ҚАШЫҚТЫҚТЫ БАҒЫНДЫРДЫ
18:19, 22 маусым 2018
АРДАГЕР ВЕЛОСИПЕДПЕН ҰЗАҚ ҚАШЫҚТЫҚТЫ БАҒЫНДЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
14:25, 17 маусым 2018
АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
БІРІНШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ГАЗ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ
19:25, 20 маусым 2018
БІРІНШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ГАЗ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ
Толығырақ...