ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

ДӘРІГЕ СҰРАНЫС АРТТЫ

18:34, 29 маусым 2020

Соңғы күндері өңірде тұмауратып, қызуы көтерілгендердің саны артып барады. Індет дендеген шақта көбінің көңіліне күдік ұялап, дереу дәрігерден көмек сұрап жатыр. Ал кейбірі дәрі-дәрмекті өздері сатып алып, аман қалудың амалын жасауда. Ия, дәрі-дәрмек тапшылығы бар. Алайда мұны кейбірі қолдан жасап алған. "Ертең керек болады" деген деген оймен қоржынын толтырғандар қатарымыздан табылады. Ал шын мұқтаждар болса әлеуметтік желі арқылы көмек сұрауға көшті. Дәрі - дәрмек пен дәріханалардағы жағдай туралы келесі бейнематериалда. Шернияз көшесі бойындағы 4 дәріханада ұзын-сонар кезек. Адамдардың дені қажетін таппай жүр. Индира Төлегенқызы солардың бірі. Айтуынша Хромтаудағы енесі бірер күн бұрын сырқаттанып қалған. Емге қажет дәріні ауданнан таппаған соң облыс орталығындағы келініне өтініш жасапты. Тізімде дәрі атауы көп, бірақ антибиотик жоқ. Ал Мәрияш Куразованың туысы пневманияға шалдыққан. Бір аптадан бері ағасы Теміржол ауруханасында емделіп жатыр. 7 күн ішінде дәрі үшін 50 мың теңгеден астам қаржысын жұмсапты. МӘРИЯШ КУРАЗОВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ Дәріханаларда қажетті антибиотик тапшы. Ағам 50 жаста. Жолсерік болып жұмыс істейді. Пойыздағы кондиционерден өкпесіне суық тиген. Ағайын- туыс болып қазір жан-жақтан кезекке тұрып, дәрісін алып жатырмыз. Емхананың өзінде ем болар дәрінің табылмағаны қынжылтады. Ал облыс әкімінің кеңесшісі бұл пікірмен келіспейді. Айтуынша өңірдегі барлық ауруханаларға қажетті дәрі-дәрмек жеткізілді. Өткен аптада провизорлық орталыққа тамыз-қыркүйек айына жоспарлаған антибиотик тасымалданды. Ал дәріханалардағы ұзын-сонар кезек пен дәрі тапшылығының туындауына тұрғындар өздері кінәлі дейді. Мәселені шешеу үшін жауаптылар арнайы тапсырыс бергенілгенін де хабарлады. Көрші Ресейден де тасымалданып жатыр. Дерт дендеген шақ. Жұрт бұрын індеттің барына ат үсті қарап, сенбеген еді. Ал қазір сақтанып әлек. Облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Марат Қойлыбаев қиын шақта елмен бір болып, байбаламға салынбай, артық қор жинауды доғару қажеттігін айтты. Егер дене қызуы көтеріліп, жөтеліп жүрсеңіз, алдымен учаскелік дәрігерге хабарлаған жөн. Онлайн байланыс кезінде кеңес беріледі. Рецепт бойынша ем қабылдап, өз-өзіңізді бақылаңыз. Тыныс алуыңыз нашарласа, дереу жедел жәрдем шақыру қажет. Өкпе қабынуы дерті шұғыл шешім қабылдауды қажет етеді. Ерлан Мұқан

https://youtu.be/8rbNbl00jr4

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 29 қыркүйек 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...