ШҰҒЫЛ! 400 АДАМ АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

​ДӘРІГЕРЛЕР ҚАН ҚЫСЫМЫН ТЕКСЕРУ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

16:17, 16 мамыр 2019

2019 жылдың соңғы үш айында 190 адам жүрек талмасынан көз жұмған. Ал қан қысымының жоғарылауынан зардап шегіп жүргендер саны жыл санап артып отыр. Бұл ауру жастар арасында да белең алуда дейді ақ халаттылар.   Бүгін Дүниежүзілік артериалды гипертониямен күрес күніне орай акция өтіп, қала тұрғындары қан қысымын өлшетіп, тегін дәрігерлік кеңеске жүгінді.

Сыдық Сақтағановтың қан қысымы бүгін күндегіден жоғары болып тұр. Алайда, 63 жастағы қария ешқашан қан қысымының қауіп төндірмегендігін айтады. Зейнеткерге кардиолог мамандар акция барысында кеңес берді. Емханаға барып, түрлі зерттеулерден өту керек деді.

Дүниежүзілік артериялық гипертензиямен күрес күні бүкіл әлемде мамыр айының екінші сенбісінде атап өтіледі. Ақтөбелік дәрігерлер де жыл сайын қала тұрғындарының қан қысымын өлшеуді әдетке айналдырған. Бүгінде өңірдегі емдеу мекемелерінде арнайы құрылғылар да қойылған.

ГҮЛБАҒДА ҚАЙРАТҚЫЗЫ /ТІЛШІ

- Дәрігерлер халықтың өзінің қан қысымын анықтауға қатысты белсенділігі төмен, салауатты өмір салтын ұстануға немқұрайлы қарайды дейді. Ал аурудың алдын-алудың бірінші кезеңі - темекіден бас тарту, артық салмақтан арылу, ем-домды уақытылы қабылдау.

Сондай-ақ, тұзды қолдануды азайтып, еңбектену және демалу тәртібін сақтау. Дене шынықтыру белсенділігін арттырып, жемістер мен көкөністерді көбірек күнделікті тамақтану режіміне қосу. "Денсаулық саябағында" өткен шараға қалалық №6 және №2 емханалардың кардиолог мамандары келді.

2019 жылдың соңғы үш айында 350 адам артериалды гипертония ауруымен есепке алынған. Ал облыста жалпы саны 53 мыңнан аса адам бұл дертке шалдығыпты.  Артериялық гипертензияны дәрігерлер скринингтен өткізу кезінде де анықтайды екен. 40 пен 70 жас аралығындағыларды тексеру нәтижесінде, жыл басынан бері жаңа дерек тіркелген.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

"ОҢТҮСТІК АЙНАЛМА" ТАС ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
20:11, 23 тамыз 2019
"ОҢТҮСТІК АЙНАЛМА" ТАС ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...
ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ АҚТӨБЕНІҢ ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ
19:44, 23 тамыз 2019
ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ АҚТӨБЕНІҢ ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҮЗУДЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ
18:49, 19 тамыз 2019
ЖҮЗУДЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ
Толығырақ...