ШҰҒЫЛ! 500 МЛРД ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ Толығырақ

ДӘРІГЕРЛЕР КӨМЕККЕ ДАЙЫН

18:48, 11 шілде 2018

Кішкентай балалар үшін жаз тек демалыстың уақыты емес. Өкінішке орай, жаз айларында балалардың жарақат алу жағдайлары, жедел ішек инфекциялары, күн тиіп ауруы жиілейді. Дәрігерлер жазда ата-аналар қаншалықты медициналық көмекке жиі жүгінетінін айтып берді.

Жазғы каникулда балалар дәрігеріне тыным жоқ, жұмысы көбейеді. Балалар әткеншектен, үйдегі жиһардардан құлайды, жолдан өткенде жарақат алады. Суға шомылуға барып, жағажайда да жарақаттанып жатады. Ауруханадағы травматология бөлімдерінде кейде бос керует болмайды.

СОСЛАН  ӨТЕГЕНОВ, БАЛАЛАР ТРАВМАТОЛОГ - НЕЙРОХИРУРГІ

- Бізге пациенттер әртүрлі жарақатпен келеді. Өткен алты айда 8 бала көпқабатты үйден құлады. Екі адам суға батты. біреудің жұдырығынан зардап шеккен 64 адамға көмектестік. Ал жаз айларында негізінен жол-көлік оқиғалары жиі тіркеледі. Күн сайын қабылдау бөлімінде біт топ дәрігерлер бригадасы жұмыс істейді. Олардың арасында балалар травматологі, нейрохирургтер, хирурттер, көз, құлақ дәрігері, педиатр, кардиолог бар. Жалпы айтқанда хирургиялық, травматологиялық аурулар үш ай жазда жиілейді.  

ЕГОР  РОСКИДАЙЛО, ЭНДОХИРУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

- Іші ауырып келетін балалар көп. Қауын-қарбыздың сапасын білмейміз. Дұрыс жуылмаған жеміс-жидекті балаларға жегіземіз. Бургерлер, гамбургерлерді осы ыстықта балалар көп жейді. Түрлі шырындар, сусындар, бәрі де баланың денсаулығына зиянды.

Ақтөбе медицина орталығының балалар бөлімінде жаңа туған нәрестеден бастап кәмелет  жасқа дейінгілердің бәріне көмек көрсетіледі. Көмек сұраған баланың әлеуметтік статусы, мекенжайы маңызды емес.

САУЛЕ  ТАЛИПОВА, ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

- Қабылдау бөлімі жедел медициналық  көмекке лайықты жабдықталған. Бізде тәулік бойы қан құрамын талдау мүмкіндігі бар. УЗИ аппаратымыз, рентген арқылы тексереміз. Диагностикалық палатамыз да бар.  Ата-аналардың бәрі бірдей баласының ауырған жерін тап басып сезе алмайды. Сондықтан, даурықпай, бала ауырғанда жедел жәрдемнің келуін күткен жөн дейді дәрігерлер.

Тақырып бойынша материалдар

 ӘЙЕЛ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ
19:11, 20 шілде 2018
ӘЙЕЛ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
 АУАНЫ ЛАСТАУШЫ НЕГІЗГІ КӨЗДЕР АНЫҚТАЛДЫ
17:47, 20 шілде 2018
АУАНЫ ЛАСТАУШЫ НЕГІЗГІ КӨЗДЕР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар