ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ЕРЕЖЕСІН БҰЗДЫ Толығырақ

ДӘРІГЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ

13:52, 29 шілде 2020

 Жедел жәрдемнің 500 қызметкеріне тосын сый жасалды. "Алматы" ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен медицина қызметкерлері қала сыртындағы сауықтыру-демалыс орынында бірнеше сағат демалуға барды. Бұл қауіпті індет басталғалы уақытпен санаспай еңбек еткен ақ  халатты жандарға деген құрметтің бір көрінісі. Тынымсыз жұмыстан шаршаған олар таза ауада жан сергітіп, саумал ішті. Еңбектері бағаланып, облыс әкімінің алғыс хаттары да осы жерде тапсырылды. 
Алмагүл Базарбаева қаламыздағы жедел жәрдем бекетінде 22 жылдан бері еңбек етіп келеді. Алғашқы он жылын жедел желіде өткізсе, қазір шақыру бөлімінде қызметте. Төтенше жағдай кезінде жұмысы бұрынғыға қарағанда еселеп артқан. Үй көрмеген күндері де болған.
Бүгінгі демалыс тек жедел жәрдем саласының мамандарына бұйырды.  Барлығы 160 бригадада қала бойынша 500 қызметкер бар. Дәрігері, мейірбикесі, тіпті жүргізушіге дейін қиын күндері бел жазбай жұмыс  істеп, мамандығына адалдық таныта білді. Бүгінгі шараны сол жанкешті жандарға деген құрмет деп ұғынған жөн.
Сауықтыру-демалыс орталығына келген медицина мамандары үшін саумал ішіп, атқа мініп, серуендеуге қолайлы жағдай жасалған. Мұндағы тоғаннан балық аулап, таза ауада тынығады. Көк майсалы жері бар, тал-дарағы жайқалған демалыс орталығының табиғаты шынымен де шаршаған жанға қуат береді. Ал, даласына сән беріп тұрған мына бір мұғалжар жылқылары кербез көрінеді. 
Шара барысында ел үшін еңбек еткен жедел жәрдем қызметкерлеріне облыс әкімінің алғыс хаттары табыс етілді. Алматы ауданы әкімі бастаған бірқатар азамат сыйлық ұсынды. Айта кетейік, алдағы 10 күнде қаламыздағы жедел жәрдем қызметкерлері осы жерде демалатын болады. 

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
16:57, 7 тамыз 2020
МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар