ШҰҒЫЛ! ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ Толығырақ

ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ

17:34, 23 шілде 2018

Өңір басшысы ауыл шаруашылығының дәстүрді емес саласын дамыту туралы міндет қойды. Бұл - бағбандарға да, диқандарға да, малмен айналысатын шаруашылықтарға да ортақ тапсырма. Қазір бөдененің жұмыртқасына, жергілікті асбұршаққа, араның балына сұраныс артты. Бұған тіпті мектеп оқушылары да қызығушылық танытып отыр. Толығырақ келесі бейнесюжетте.

Ақтөбелік фермерлер қоян асырап, ешкі сауып, омартадан ара балын сатуға кірісті. Біздің жақта таңсық құс түрлерін де өсіруді қолға алды. Бір сөзбен айтқанда ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес саласын дамытуға күш салып жатырмыз.

МҰРАТ  ТОҚБОЛАТОВ

АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

-  Бізде ақтөбеде "Шекшек ата" шаруапшылығы ешкі асырап отыр. Шаруашылықта ешкі сүтін өңдейтін цех та бар. Ешкі сүтін тек өізіміге ғана емес, өзге облыстарға да сатады, нарықта сұраныс жоғары. Ал "Арганик" кооперативі қоян өсіреді. Олар қояындар үшін қысы-жазы бір температураны ұстап тұратын торлары бар жылыжайлар салмақ. Ал "Садовый" кооперативі өндіріп отырған таңқурай ақтөбелік брендке айналды.

Қарғалы ауданындағы "Айшуақ" шаруашылығы 1,5 гектар алқапқа кәді, қиыр, қызанақ, кинза және басқа да көкөніс пен шөп-шөнге түрлерін өсіріп бастады. Суару жағынан мәселе жоқ. Сұранысқа сай. Өнімді Жаманқалаға қарай жүйіткіген көліктер жол бойынан сатып алады. Сол сияқты, шаруашылықта тауық, үйрек өседі. Тіпті, біздің өңірдің табиғатын жерсінген мысыр тауығы да осында. Күркетауық пен бөденеге жақын құстың отаны - Африка.

Дәстүрле емес шаруашылықты дамытуға қарғалылық оқушылар да үлес қосты. Петропавл орта мектебінде балалар жылыжай жасап, бұрыш, баклажан, қызанақ сияқты көкөніс түрлерін егіп қойды. Осы жерде қызылша мен сәбіз де өсіп жатыр. Оқушылар көкөністі өздері бағып отырған үй қояндары үшін өсіреді. Биыл мамыр айында балалар 30 үй қоянын асырап алды. тамағы тоқ болса, қоян тез көбейеді дейді өздері.

Ақтөбе облысында қазір дәстүрлі емес саламен айналысатын 200-ге жуық шаруашылық жұмыс істейді. Биыл 40-тан астам жобаны жүзеге асыру жоспары бар. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:57, 12 желтоқсан 2018
"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ
16:48, 14 желтоқсан 2018
ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ
Толығырақ...