ШҰҒЫЛ! ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ Толығырақ

ДИҚАНДАР ЕГІС НАУҚАНЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ

13:52, 13 маусым 2018

Ақтөбелік диқандар көктемгі науқанды сәтті аяқтады. Негізгі жұмыс жасалды, егіс алқабы игерілді. Биылғы егіс көлемі облыс бойынша жылдағымен салыстырғанда айтарлықтай ұлғайды. Шаруашылықтар жауын-шашынға қарамастан, белгіленген мерзімінде дән себіліп үлгерді.

Егер өткен жылы ауыл шаруашылық дақылдары 640 мың гектарға егілсе, ал 2018 жылдың егіс науқанында 754 мың гектар егінжайға дән себілді. Оның ішінде 447 мыңы бидай. Әр ауданда диқандар егіс көлемін ұлғайтты. Облыс орталығындағы фермерлер де қалыс қалмады. 

МҰРАТ  ТОҚБОЛАТОВ

АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

 -Астық дақылдарын жоспардан 103 пайызға артығымен егіп отырмыз. Арпа да, бидай да, тары да көп. Майлы дақылдар екі мың гектарға жоспарлаған еді, қазір 2120 гектарға егілді. Бұл да 107 пайызға артық көрсеткіш. Картоп 345 гектар, көкөніс, бау-бақша дақылдары да жеткілікті болады деп ойлаймын.    

Өңірдегі өсімдік шаруашылығы өркендеген аудандардың ең ірісі - Қарғалы. Мұнда арпа-бидай да, басқа да дақылдар биыл көп егілді. Орта есеппен өткен жылмен салыстырсақ, Қарғалы ауданында егіс көлемі 15 пайызға артты.

БОЛАТ  БОРАНБАЕВ

ҚАРҒАЛЫ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

 -Биылғы жылы біздің ауданда 151 мың 600 гектарға егін саламыз деген жоспар болды. Оның ішінде 104 мыңы - астық дақылдары, 36 мыңы - жемшөп және 10 мың гектары - майлы дақылдар. Мың гектар картоп, 500 гектар көкөніс, 40 гектар бақша дақылдарын егіп болдық.   

Қарғалы ауданында ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарының бірі - "Интер-Агро" серіктестігі. Кәсіпорынның ашылғанына көп бола қойған жоқ. Аз уақыт ішінде тасы өрге домалады десе де болады. "Интер Агроның" диқандары науқанды мамырдың ортасынан бастап кетті. Бірінші кезекте майлы дақылдар егілді. Шаруашылық бұрынғы жылдары егінжайдың гектарынан 21 центнерге дейін өнім алған. Ал өткен жылы тыңайтқыш қолдануды бастады. Бұл күзде астықтан сапалы өнім алуға мүмкіндік береді. Биыл тек қамбадан қырманға жоғары сұрыпты тұқым тасылды. Енді күзде бидай бітік шығып, өнімді мол аламыз деп отыр диқандар.

ВЛАДИМИР  ЕВСТРАТОВ

«ИНТЕР - АГРО» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 - Биыл төрт мың гектарға тары ектік. Алқапты әртараптандыру жоспары бар. Біз Ресейден тұқым алып, өткен жылы дәстүрлі емес дақылдарды ектік. Бұршақ тұқымдастарға мән беріп отырмыз. Биыл тұқым қорын молайтып, тыңайтқыштарды көптеп пайдаланамыз.

Фермерлер өздерінің әлеуметтік жауапкершіліктерін де ұмыт қалдырған емес. Агроқұрылымдар қаражат бөліп, Петропавл ауылында жабық спорт кешенін салып бермек.

 

Тақырып бойынша материалдар

"ЖҰБАНОВТАР ӘУЕНІ - 2018" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХОР МУЗЫКАСЫ БАЙҚАУ-ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ
18:54, 22 маусым 2018
"ЖҰБАНОВТАР ӘУЕНІ - 2018" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХОР МУЗЫКАСЫ БАЙҚАУ-ФЕ...
Толығырақ...
АРДАГЕР ВЕЛОСИПЕДПЕН ҰЗАҚ ҚАШЫҚТЫҚТЫ БАҒЫНДЫРДЫ
18:19, 22 маусым 2018
АРДАГЕР ВЕЛОСИПЕДПЕН ҰЗАҚ ҚАШЫҚТЫҚТЫ БАҒЫНДЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
14:25, 17 маусым 2018
АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
БІРІНШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ГАЗ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ
19:25, 20 маусым 2018
БІРІНШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ГАЗ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ
Толығырақ...