ШҰҒЫЛ! 1 желтоқсан - ҚР-ның Тұңғыш Президенті күні Толығырақ

Бүгін дүниежүзілік диабетке қарсы күн

19:18, 14 қараша 2017

14 қараша - Дүниежүзілік диабетке қарсы күрес күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша 2040 жылға қарай диабетпен ауратындар саны әлемде 700 млн. адамға жетуі мүмкін. Бұл - өте қауіпті болжам. Әлемдік ұйымның зерттеуі 10-15 жылдан кейін ғаламшардың әрбір бісінші тұрғыны диабетке шалдығуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Дәрігерлер бұл өркениетті адамның салауатты өмір салтын ұстанбауынан дейді.

Қант диабеті тұқым қуалайтын аурулар қатарына енген. Сондықтан, тәуекел тобында қант мөлшері шамадан тыс жоғары адамдар, олардың туыстары бар. Салмағы 4 келіден артатын бала босанған әйелдер, семіздіктен зардап шеккен адамдар да тәуекел тобында. Қант диабеті диагнозы қойылған адамға темекі шегуге тыйым салынады. Құлақ аспаған жағдайда пациенттің аяқ-қолынан айырылу қаупі бар. Ал алкогольді ішімдіктер ұйқы безіне әсер етіп, ағзада инсулин бөлінеді. Адамның көңіл-күйі де зор әсерге ие.

ХАТИМА  ҚҰДАБАЕВА, М.ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БҚММУ ІШКІ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОЦЕНТІ

- Бірінші типті қант диабеті кезінде иммундық жүйе зақымдана бастайды. Күйгелектену, уайым-қайғы, ашу, бұл сещзімдердің бәрі де диабетке шалдықтырады. Ересектерде жиі кездесетін диабеттің екінші типі кезінде де адамға психологиялық, эмоционалдық фактордың әсері маңызды

Өз ағзаңнан диабетті анықтау оңай. Тек аурудың негізгі белгілерін жақсы білу керек. Шамадан тыс көп мөлшерде су ішу, бүйректің сыр беруі, дене терісінің құрғауы және еш себепсіз арықтау, жүдеу. Осы белгілер байқалса, бірден қант мөлшерін өлшету керек. Қаант диабетімен ауратын адамдар өмірге бала әкеліп, жұртпен бірдей жұмыс істеп, қатардағы адамдай өмір кеше береді. Диабет балалар спортпен шұғылдана алады. 

ХАТИМА  ҚҰДАБАЕВА, М.ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БҚММУ ІШКІ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОЦЕНТІ

- Мәселен, табиғат адамға бір шелек инсулин берді дейік. Бұл ағзаға 100-120 жылға, яғни адам өмірінің соңына дейін жетуі тиіс мөлшер. Ал семіздікке шалдыққан адамға бұл жетпейді. Себебі, инсулинді май қабат сіңіріп алады. Мұндай адам 30-40 жасқа жеткенде жаңағы айтқан бір шелек инсулин таусылып, шелектің түбі көрінеді

Диабеттен қорқып, қантты ас мәзірінен мүлдем алып тастауға болмайды. Себебі қант құрамындағы глюкоза ағзаға өте қажет элемент. Диабеттен сақтанудың ең өтімді жолы спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану дейді дәрігерлер.  

Айгүл Байменова

Тақырып бойынша материалдар

Енді мопед пен велосипед мінгендер жол жиегінде еркін жүре алады
19:11, 21 қараша 2017
Енді мопед пен велосипед мінгендер жол жиегінде еркін жүре а...
Толығырақ...
Өңірде ажырасқандар саны азаймай отыр
18:39, 21 қараша 2017
Өңірде ажырасқандар саны азаймай отыр
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
17:08, 17 қараша 2017
Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
Толығырақ...
Балабақшалардың жұмыс кестесі өзгереді
17:20, 16 қараша 2017
Балабақшалардың жұмыс кестесі өзгереді
Толығырақ...