ШҰҒЫЛ! Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді Толығырақ

ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

18:11, 13 наурыз 2019

Халықаралық даму институтының зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бүгінде жер бетіндегі 1 миллиардтан астам адам семіздікке шалдыққан. Ақтөбеліктердің 33 пайызы артық салмақтан арыла алмай жүр.  Көрсеткіш одан әрі ұлғайып кетпей тұрғанда, облыстық денсаулық сақтау басқармасы  мәселені шешудің жолдарын іздестіруде. Соның дәлелі- бүгін есігін ашқан салауатты тамақтану орталығы.  Облыстық аурухана ішінен орын алған кабинетте мамандар медицина қызметкерлерінен бастап, емделушілер мен олардың туыстарына дұрыс тамақтанудың жолдарын үйретеді.


Ақтөбенің  бас дәрігері  Әсет Қалиевтің өзі де дұрыс тамақтануға көшкен.  Тәттіден бас тартып, тағамды талғаммен жеуді үйреніп жүргенін жасырмайды. Нәтиже жаман емес.  Минус 7 келі. 

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы өзгелерге де дұрыс тамақтануға кеңес береді. Өйткені артық салмақ пен семіздік өлім-жітім себептерінің ішінде 5 орын алады екен.  Жалпы, ресми деректерге сүйенсек дүниежүзінде осы семіздіктің салдарынан жылына 2-млн-ға жуық адам көз жұматын көрінеді.  Медицина да артық салмақтың адамның өмір сүру ұзақтығын 7 жылға қысқартатындығын дәлелдеді.  Мамандардың айтуынша , бүгінде балалар  мен ересектердің 80 пайызы асты айырып ішпейді. Соның салдарынан тұрғындар арасында ас қорыту жүйесінің бұзылуы, ішек құрылысының қабынуы және асқазан жарасы, қант диабеті,  жүрек-қантамыр ауруларына шалдығушылар  қатары көп. 

Шалқарбай Қаржауұлының жасы 62-де. 10 жыл бұрын жүрегі сыр беріп, дәрігерлердің есебіне іліккен. Жақында жүрегінің талмасы ұстап, ота жасалған. Жастықтың буымен салауатты өмір салтын ұстануды ойымызға да алмадық дейді ақсақал.  


Фастфуд. Тез. Дәмді. Тойымды, әрі арзан. Жасыратыны жоқ, жеңіл асқа жерік болдық. Тәбетіңді ашып, тіл үйіргенмен, кесірі  көп күттірмейді. Асығыс жүріп, талғамай ас ішудің салдарынан,  әлем  күннен-күнге «дөңгеленіп»  барады.  Сонымен, қандай тағамды тұтынып, неден бас тарту керек.  Дұрыс тамақтану дегеніміз не? Бүгінде сәнге айналған тіркесті көпшілік «қатал диетамен» шатастырып жатады. Ал диетологтардың пайымынша,  дұрыс тамақтану- тән мен жан саулығы. Салауатты тамақтану орталығының басты мақсаты да осы. Астың адалын айырып ішуге үйрету. Мұндағы мамандар дәрігерлерден бастап, емделушілер мен олардың туыстарына дұрыс тамақтанудың жолдарын көрсетеді. 

БОТАГӨЗ ТҰРДЫБАЕВА, САЛАУАТТЫ ТАМАҚТАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ 
- Әр адамның өзіндік ерекшеліктеріне сай, дұрыс тамақтану жолдарын ұсынамыз. Байқағаным, көпшілігіміз мүлдем су ішпейміз. Таза судың пайдасын білмейміз.   Адамның денесінің 55-70 пайызы судан тұратынын ескерсек, ол барлық зат алмасу, қышқылдану, термо реттеу және басқа да процестерге қатысады. Аштық сезімін қадағалап, зат алмасуды ретке келтіреді. Қажетті мөлшерде су ішіп жүру салмақ тастауға да өз септігін тигізеді. 

Тақырып бойынша материалдар

Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді
15:24, 23 наурыз 2019
Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді
Толығырақ...
12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА  БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
19:20, 22 наурыз 2019
12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
17:31, 18 наурыз 2019
БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
Толығырақ...