ШҰҒЫЛ! ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ Толығырақ

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы

16:11, 14 шілде 2017

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтіп, бірқатар мәселе қаралды.

Оның ішінде өз қызметінде өрескел кемшілік жіберген Хромтау аудандық ауыл шаруашылы бөлімінің басшысы мен Мұғалжар ауданындағы екі бөлімнің белді қызметкерлеріне қатысты тәртіптік іс те бар. Нәтижесінде, оларды жұмысынан босату туралы шешім қалданды. Кеңес отырысында қаралған алғашқы тәртіптік іс - Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы мен бас маманына қатысты болды. Бұл мәселе туралы баяндаған аудандық прокуратураның прокуроры Жәнібек Еспановтың айтуынша, мемлекеттік қызметшілер, "Тасбұлақ" кооперативінің асыл тұқымды малдары екі рет субсидиялануына жол берген. Әрі мұндай жағдай өзге де шаруа қожалықтарында қайталаныпты. Салдарынан 1 млн 80 мың теңге көлемінде бюджетке шығын келді. 

ЖӘНІБЕК ЕСПАНОВ, ХРОМТАУ АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ

 - Бұл істе бөлім басшысы Сағымбаев пен осы бөлімнің бас маманы Хаймулдиннің аталмыш тауар өндірушіге ықпал еткені байқалады. Бұл тиісті заңға қайшы.

Қазір бұл мәселе бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ал, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Серек Сағымбаев кемшіліктің орын алғанын майындайды. Алайда бұл техникалық қате дейді.

СЕРЕК САҒЫМБАЕВ , ХРОМТАУ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

-Мен өзімнің жауапты екенімді білемін. шын мәнісінде шаруашылыққа қаржы екі мәрте берілген жоқ. Бұл техникалық қатенің салдарынан есепте осылай көрініп отыр.

Қазіргі күні, келтірілген шығын көлемінің басым бөлігі қайтарылған. Бұл өрескел кемшілік деген әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, Хромтау ауданының әкімі Аманғали Бердалинге де, мемлекеттік қызметшілердің ісіне жіті қарау туралы ұсыныс жасады. Әкімнің өзі де бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет туралы заңдардың орындалуы жөнінде баяндама жасап, бұдан былай ішкі бақылауға баса көңіл бөлетінін айтты. Ал, Мұғалжар ауданындағы 35 мектепті тамақпен қамтуға орай өткізілген байқаудың қортындысында бірқатар кемшіліктер анықталған. Мектептерге бір ғана ақтөбелік жеке кәсіпкер қызмет етіпті. Бұл іс бойынша кеңес мүшелері, Мұғалжар аудандық білім бөлімі басшысының орынбасарын қызметінен босату туралы шешім қабылданды. Бұдан өзге, отырыста қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына қатысты тәртіптік іс те қаралды.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
14:25, 17 маусым 2018
АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ  ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ
20:05, 15 маусым 2018
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
14:25, 17 маусым 2018
АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ САЛАНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
19:42, 12 маусым 2018
ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ САЛАНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...