ШҰҒЫЛ! 320 шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылды Толығырақ

Егіс жұмыстарына қазірден бастап дайындық жүруде

13:43, 6 желтоқсан 2017

Егін егумен айналысатын қарғалылық шаруалар, көктемгі дала жұмыстарына қазірден бастап дайындалуда. Биылғы жиын-терімнен мол өнім алған ірі құрылымдар, қамбаға келесі жылдың тұқым қорын жеткілікті жиған. Қажетті техникаларын да жөндеп, әзірлеп жатыр.

Биыл Қарғалы ауданы егіннен мол өнім алды. Дән себілген әрбір гектардан 13 центнерден астам астық жинады. Егін орағын сәтті аятаған шаруашылықтардың бірі - "Жосалы Агро" ЖШС, қазір келер жылдың науқанына дайындалуда. Қамбаға сақталған тұқым қоры - 11 893 гектарға бидай мен 2 мың гектар алқапқа арпа егуге молынан жетеді. Ең бастысы, тұқымның сапасы жақсы. 

Серіктестік Қарғалы ауданындағы ең ірі шаруашылықтардың бірі. Егін егумен қатар, судан шөбін өсіріп мал азығын дайындаумен айналысады. Келер жылы оның да аумағын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл үшін мемлекет тарапынан қолдау бар дейді шаруашылық жұмысшылары. Биылдың өзінде бірнеше млн теңге көлемінде субсидия алған. Ал, қазір алдағы көктемгі дала жұмыстарына техникаларын жөндеп, сайлап жатыр. Оның ішінде, егін егуге қажетті шетелдік маркалы жеті кешен мен 13 комбайн және зиянкестерге қарсы улау жұмыстарын жүргізетін өзге де техникалар бар. Ал, тұқым қоры ретінде қыс мезгіліне жиналған арпа-бидайды ылғалдан сақтау, кептіру жұмыстары үнемі жүргізілуде. 

Ауыл шаруашылығы нарығында өзін танытқан шаруашылық биыл жылдық ұлттық бизнес рейтінгі көшбасшысы атанған. Арнайы жүлде Астана қаласында табысталды. Ал, аудан бойынша дәл осындай бүгінде үш ірі кәсіпорын бар.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

Мыс компаниясы жұмысшылар жалақысын 10 %-ға көтереді
20:28, 22 ақпан 2018
Мыс компаниясы жұмысшылар жалақысын 10 %-ға көтереді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
18:51, 16 ақпан 2018
Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
Толығырақ...