ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ - БАСТЫ МІНДЕТ

13:38, 22 шілде 2019

Биыл Әйтеке би ауданындағы Жарөткел ауылына газ жеткізіледі. Ал Белқопаны ауызсумен қамту мәселесі шешіледі. Сондай-ақ, тұрғындар көптен бері талап еткен  туберкулез ауруларын емдейтін Қарабұтақта хосписі жабылады. Бұның барлығы - тоғыз жолдың торабындағы аймаққа қатысты басты жаңалықтар. Облыс әкімі астықты өңірге барды. Белқопа ауылы - Әйтеке би ауданына кіреберіс қақпа. 390 адам, 90 үй бар. Алыстағы ағайын құдықтан өздері тасып су ішеді. Қыста көмір жағып, күл шығарады. Сан жылдан бергі арманға қашан қол жеткіземіз деумен күн санап келеді. Жауабын халықтың хал-жағдайын білмекке барған аймақ басшысы берді. Белқопадағы халық тұрақты. Өсім бар. Биыл ауылдағы жалғыз мектепте 85 оқушы білім алмақ. 2013 жылы негізі қаланған оқу ордасында ел сөзінше, компьютер, еңбекке баулитын кабинет жоқ. Балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалмаған. Ал жарөткелдіктердің көгілдір отынға қол жеткізетін күні алыс емес. Осы қоңыр күздің алғашқы айында әр аулаға газ кірмек. 2018 жылы облыстық бюджет есебінен бөлінген қаржы аясында жүзеге асады. Ауыз суды жұртшылық құдықтан ішіп отыр. 230 тұрғыны бар ауылдағы көпбалалы отбасылар атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізген. 6 баланың анасы Гүлнәр Тоқабаева беріліп жатқан уақытша жәрдемақы тұрмыстық жағдайды түзеп, кәсіп ашуымызға сеп болды дейді. Ауылдағы жұрттың "негізгі орта мектеп жабылады" деген күдігі сейілді. Білім ордасының жұмысы жергілікті билік тарапының шешімімен тоқтамайды. Мал шаруашылығына бейімделген Жарөткелдің тұрғындарына Оңдасын Оразалин мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалану қажеттігін айтты. Әрі қарай Қарабұтаққа жол тартқан облыс әкімі жабылғалы тұрған "Туберкулез ауруларына арналған хоспистің" қызметкерлерімен кездесті. 1974 жылы салынған 30 орындық емдеу орнында 40-қа жуық адам жұмыс істейді. Темір ауданындағы хоспис қарамағына өтіп жатқан мекеменің жұмысы тоқтағаннан кейін оны пайдалану жағы беймәлім. Бұл бойынша нақты ұсыныстар жасалады Өңір басшысы алдында жұмыссыз қалдық деп шу көтерген қызметкерлер өздеріне тиесілі қаражаттың да уақытылы төленуін талап етті. Облыстың бас дәрігері Әсет Қалиев барлық өтемақы беріледі деп сендірді. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин мәселені жеке бақылауына алмақ. Облыс әкімі жұмыс сапары аясында Қарабұтақ ауылындағы клубта халықпен кездесті. Ауыл-аймақтағы ағайынның әл-ауқатын көтеру - атқарушы биліктің міндеті, Президенттің тапсырмасы. Бұл кездесуге сондай-ақ, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті ұлттық бюро басшысы Мирлан Мұхамбетов "Ақтөбе - адалдық алаңының" жұмысын айтып, соңғы кездері енгізіліп жатқан жаңа жүйелермен таныстырды. Жоба тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жойып, азаматтарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Жиында тұрғындар өздеріне кезек келгенде көп керекті әкімге айтып қалды. Көрпе ауылына көгілдір отын қажет. 2012 жылы ауыз су, 2014 жылы газ келген Қарабұтақтықтар енді кәріз суын төгетін орынды көксейді. Қазақтың маңдайына біткен тұлғалар шыққан жердің халқы Қуандық Шаңғытбаевтың 90 жылдығын облыстық деңгейде атап өтуді де ұсынды.Облыс әкімі әрбір сауалға жауап беретін сала басшыларын орындарынан тұрғызып, жауабын алды. Белгілі болғандай, Көрпеге қаржы бөлініп, газ жетеді. Кәріз суын төгетін орынды мамандар зерттеп, арнайы жерлерді қарастырмақ. Ал жазушының торқалы тойын тойлауды зиялы қауым өкілдерірімен ақылдаспақ. Басқосуда жастар да сөз алды. Жастар жылы аясында ауданда жасалып жатқан игі шараларды тізбектеп, алғыстарын да жеткізді.

ГҮЛБАҒДА ҚАЙРАТҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
19:44, 16 тамыз 2019
ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...