ШҰҒЫЛ! СПЕЦИАЛИСТЫ ИЗ РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ ЗРЕНИЕ АКТЮБИНЦЕВ Толығырақ

Әйтеке би ауданының күндері өтті

18:00, 17 шілде 2017

Ақтөбедегі Әйтеке би ауданының күндері әдеттегідей тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта қортындыланды.

Аудан өнерпаздарының қатысуымен театрландырылған көріністер мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Өлкенің өткені мен бүгінгі дамуы туралы сыр шертетін көрме де көпшіліктің назарынан тыс қалмады. Думанды кеш түн жарымына дейін жалғасты.

Аудан күндерін тойлай келген ағайын үшін алаңда қаз-қатар тігілген киіз үйлер қызмет етті. Қала тұрғындары, ашық аспан астындағы музейді көрді. "Руханият жүрегі - жәдігер" атты тарихи - мәдени ескерткіштер көрмесі мен қолданбалы қолөнер шеберлерінің шеберлік сыныптарын тамашалады. "Өрелі, өрісі кең Әйтеке би" атты жылжымалы кітап көрмесі де көпшіліктің назарынан тыс қалмады. Ал, аудандағы өзге ұлт өкілдерінің жайған дастарханынан ақтөбеліктер дәм татып көрді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев саябақта құрылған әрбір шағын повильонды аралап, Әйтеке би ауданының әр саласы туралы ақпаратпен танысты. Оның арасында ауылдық округтердің болашақтағы даму жоспары да болды. Ал, қазақ күресі дәріптелген алаң, көпшіліктің қызығушылығын туғызды. Бұдан өзге сахнада шырқалған ән-жырлар да көрермендердің көңілін көтерді. Тұңғыш Президент атындағы саябаққа жиналғандар, Әйтеке би ауданының тарихы туралы қысқаша көріністі тамашалады. Ал, көпшілік алдына шығып ән шырқағандардың арасында, ауданның өнер ұжымдары мен танымал өнерпаздары болды. Аудан өнерпаздарының гала концерті ұзаққа созылды. Ескі және жаңа әндер шырқалып, ақтөбеліктердің көңілін көтерді.

 

Тақырып бойынша материалдар

КАМАЗ КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІН АТЫП КЕТТІ
19:51, 25 сәуір 2018
КАМАЗ КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІН АТЫП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СПЕЦИАЛИСТЫ  ИЗ  РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ  ЗРЕНИЕ  АКТЮБИНЦЕВ
17:45, 24 сәуір 2018
СПЕЦИАЛИСТЫ ИЗ РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ ЗРЕНИЕ АКТЮБИНЦЕВ
Толығырақ...
АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРДЫҢ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛУ МҮМКІНДІГІ БАР
16:47, 20 сәуір 2018
АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРДЫҢ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛУ МҮМКІНД...
Толығырақ...
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
18:03, 23 сәуір 2018
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
Толығырақ...