ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 21 АҚТӨБЕЛІК ЖИТС ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

ЕКІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

20:55, 5 шілде 2019

"Ақтөбе" индустриялық аймағында екі инвестициялық жоба жүзеге асты.  Елорда күні қарсаңында жаңа цех іске қосылып, жаңа зауыттың капсуласы салтанатты түрде салынды. Жобалардың ерекшелігі неде? Қанша қаржы салынды? Бұл сұрақтарға тілшіміз жауап іздеп көрді. 

Енді ақтөбеліктердің қоқысқа тастайтын қағаздары керегімізге жарамақ. Қағаз сүлгі, қағаз майлықтар, дәретхана қағазын шығару үшін. Бүгін "Ақтөбе" индустриалды аймағында қағаз өнімдерін қайта өңдеп шығаратын зауыттың капсуласы салынды. Жоба жетекшісі Мұрат Балмағамбетовтің айтуынша, осы тамызда макулатура қабылдайтын қалада бірнеше орын ашылады. 2020 жылдың І тоқсанында пайдалануға берілуі тиіс кәсіпорын жылына 250 тонна қағаз қалдығын жинап, қайта өңдемек. 

Ал 2017 жылы капсуласы салынған "Баумастер Интернэшнл" лак-бояу шығаратын цех бүгін іске қосылып, алғашқы өнімдерін өндіруді бастады. Мұнда жылына 5 мың тонна бояу жасалады. Цех құрылысына 320 млн теңге жұмсалған. Жобаның ерекшелігі сол - судисперсиялық бояулар еуропалық және америкалық технология бойынша дайындалады. Ал цехтің қоршаған ортаға зияны жоқ. 15 адам жұмыспен қамтылыпты.

КЕҢЕС ШАЙКЕНОВ

ЦЕХ ДИРЕКТОРЫ

- Қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыссыздарда цех жұмысына тарттық. Алдағы уақытта әлі де орталықпен арақатынасымызды тоқтатпаймыз. Бұл инвестициялық жоба болғандықтан, болашақта өнім өндіру көлемі артады деген сенім бар. Бояулар неміс сапасымен жасалады, экологиялық таза.

Индустриялық аймақта "Баумастер" компаниясымен қосқанда жетінші жоба жүзеге асты. Жыл соңына дейін алты зауыт пайдалануға берілмек. Ал келесі жылы жеті компания потенциалды және олар 2020 жылы ашылады деп жоспарланған. "Ақтөбе" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы өкілдері инвесторларға барлық жағдай жасап отыр дейді.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
20:49, 23 шілде 2019
АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
Толығырақ...
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
20:48, 23 шілде 2019
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар