ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ЕКІНШІ ҰШҚЫШ ҚАЗА ТАПТЫ

21:27, 29 қаңтар 2020


Апатқа ұшыраған "Bek Air" ұшағығының екінші пилоты көз жұмды. Ол қалалық 4-ші клиникалық ауруханада 21-ші қаңтарға дейін ем алып, одан соң үйіне амбулаториялық ем алуға жіберілген. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері ұшқыштың жағдайы тұрақты болғандығын айтты.  Алайда кеше кешкі уақытта ұшқыштың жағдайы күрт төмендеп, жақындары жедел-жәрдем қызметін шақырған. Өкінішке қарай, дәрігерлер келгенше ұшқыштың жүрегі тоқтап қалған. Қазір сот медициналық сараптамасы тағайындалып, Миржан Молдақұловтың қазасының себебі анықталып жатыр.  {СНХ}

ТІЛЕУХАН ӘБІЛДАЕВ
ҚАЛАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
6009_01 04:58 Жүрек реанимациясын жарты сағат бойы біздің дәрігерлер, реаниматологтар жасады. Бірақ, жүргізілген реанимациялық шаралар өзінің нәтижесін бермеді. 28-ші январь 18:30-да бұл кісінің биологиялық жүрегі тоқтап, өлгендігін біз нақтыладық. Бүгінгі таңда амбулаторлық деңгейде барлық ем-дом дәрігерлердің бақылауымен жүргізілгендігін айта аламыз.

Сондай-ақ,  Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Бек Эйр апатқа ұшыраған жолаушыларының барлығына ақы төлеу керек деп депутаттық сауал жолдады. Тоқтатылған рейстерге билет алғандардың өтемін толық өтеуді қамтамасыз етуді және күдіктілерге қатысты жүргізіліп жатқан іс туралы халықты ақпараттандырып отыруды сұрады. Мәжілістің жалпы отырысына қатысқан Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев болса тергеу амалдары мен түрлі сараптамалардың әлі жүргізіліп жатқанын, кінәлілер әлі анықталмағанын айтты. 
МАРАТ ҚОЖАЕВ 
ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Ондай істер ешқашан тез бітпейді. Кәдімгі мына жол көлік оқиғасы да 2-3 айға созылып кетеді. Оның себебі арнайы сараптамалар керек. Ал, самалет құлағанда одан да қиын сараптамалар. Қазіңргі күнге ол сараптамалар жүргізіліп жатыр.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МҮГЕДЕК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ
18:28, 24 ақпан 2020
МҮГЕДЕК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...