ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ АЛАҢДАТТЫ

18:13, 10 шілде 2019

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі өкілдерімен кездесті. Өзен арналарын бекіту, кеңейту мәселелері жөнінде өткен отырысқа  Экологиялық реттеу және  бақылау комитетінің төрағасы Ахметжан Пірімқұлов,  орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің  төрағасы Қайыр Рыскелдинов, су ресурстары комитетінен Мұрат Бейсенов қатысты.Қарғалы, Сазды, Елек, Жаман-Қарғалы, Бұтақ, Песчанка, Жіңішке, Тамды   өзендерінің арналарын кеңейту, бекіту жобалары әлі де зерттеліп жатыр.Жұмыс тобы ең алдымен тұрғындарға қауіп төнбеуін  басты назарда  ұстайды.Өйткені, екі жыл бұрын орын алған су тасқынынан жүздеген  отбасы зардап шегіп, 450 млн теңгеден астам шығын келген.  Облыс әкімі Оңдасын Оразалин гидрологиялық шараларды жан-жақты саралап барып, қолға алуды тапсырды.Аймақ басшысы,  ең бастысы,  тұрғындардың пікіріне құлақ асуға шақырды. Жауапты мамандар ө кезегінде қоғам белсенділерімен, жанашыр азаматтармен келісе отырып бір шешімге келетіндерін жеткізді.Естеріңізге сала кетейік, маусым айында  Ақтөбедегі алты  өзенге  жүргізіліп жатқан кеңейту, арналарды бекіту  жұмыстары ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің шешімімен тоқтатылған болатын.

Гүлдана Абайқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

 МЕЙРАМБЕК АЙНАҒҰЛОВ ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНА БАРАДЫ
21:19, 17 қыркүйек 2019
МЕЙРАМБЕК АЙНАҒҰЛОВ ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНА БАРАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН САҚТАҒАНДАРҒА СЫЙЛЫҚ БЕРІЛДІ
21:03, 17 қыркүйек 2019
ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН САҚТАҒАНДАРҒА СЫЙЛЫҚ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
ОҚУШЫЛАР ӘЛЕУМЕТТІК КАРТА АРҚЫЛЫ ТӨЛЕМ ЖАСАЙ АЛАДЫ
20:47, 17 қыркүйек 2019
ОҚУШЫЛАР ӘЛЕУМЕТТІК КАРТА АРҚЫЛЫ ТӨЛЕМ ЖАСАЙ АЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...
ТЕЛЕАКАДЕМИЯ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫ ШАҚЫРАДЫ
15:35, 13 қыркүйек 2019
ТЕЛЕАКАДЕМИЯ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫ ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...