ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ЕКПЕ АЛУ МАҢЫЗДЫ!

19:03, 21 қазан 2019

Күз, қыс айларында  тұрғындар арасында жұқпалы  аурулар тез тарайды, әрі жиі кездеседі. Соның бірі-қызылша. Қазір өңірдегі емханаларда жаппай қызылшаға қарсы екпе жасау науқаны жүріп жатыр. Екпе  20-29  жас аралығында азаматтарға жасалады. Қазір қаладағы емханалардың дәрігерлері тіркеуде тұрған  жасы 20-29 ға толған азаматтарды қызылшаға қарсы екпе алуға шақырып жатыр.  Олардың арасында бұрын екпе алғанын ұмытып қалғандары да кездеседі. Ондай жағдайда  екпені қайта алуға бола ма ? Күз -тұмаудың өршитін мезгілі. Осыған орай қазір тұрғындар екпе алу үшін учаскелік емханаларға барып, дәрігер кезегіне тұрады. Қарттар мен дәрігерлер, жиі ауыратын балалар мен жүктіліктің 2-3 триместріндегі жүкті әйелдер, жүрек қан тамыры мен өпке тыныс алу жолдарының ауруына шалдығып, есепке алынған топ тегін вакцина жасата алады. Ал, бұл топқа жатпайтын өзге тұрғындардың  ақылы түрде екпе алуларына болады. Екпе алудың маңызы зор. Әсіресе жұмыс істейтін азаматтар аурудан келетін келеңісіздіктің алдын алғаны жөн.Егу жұмыстары - жұқпалы дерттен қорғанудың сенімді жолы. Ал, жұқпалы ауруға имунитеті төмен адамдар жиі шалдығады. Сондықтан, денсаулыққа мән беріп, имунитетті күшейткен абзал. Ол үшін таза ауада жиі серуендеп, дәруменге бай, құнарлы ас ішіңіз.

 

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕДЕ ӘДЕБИЕТКЕ АРНАЛҒАН ДҮБІРЛІ ШАРА БАСТАЛДЫ
13:23, 14 қараша 2019
АҚТӨБЕДЕ ӘДЕБИЕТКЕ АРНАЛҒАН ДҮБІРЛІ ШАРА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАЛҒАС ЖҰМАҒҰЛОВ ПЕН СЕРГЕЙ МОРОЗОВ JASTAR-ҒА КЕЛДІ
12:22, 9 қараша 2019
ЖАЛҒАС ЖҰМАҒҰЛОВ ПЕН СЕРГЕЙ МОРОЗОВ JASTAR-ҒА КЕЛДІ
Толығырақ...
10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
18:40, 11 қараша 2019
10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Толығырақ...