ШҰҒЫЛ! ЕҢ ҮЗДІК ЕТ - 2019 Толығырақ

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨРМЕСІН 100 МЫҢ АҚТӨБЕЛІК ТАМАШАЛАДЫ

17:43, 11 қаңтар 2019

Ақтөбеде ұйымдастырылған Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесін бүгінге дейін 100 мыңға жуық адам тамашалады. Облыс орталығы мен алыс аудан, ауыл тұрғындары, оқушылар, студент - жастар музейге қойылған жәдігерлерге қызығушылық танытуда. Бүгін мұнда қала әкімі Ілияс Испанов пен ардагерлер барды.

Елбасы кітапханасы қорының көшпелі көрмесіне келген ардагерлер әрбір жәдігермен танысты. Әрқайсысының тарихын біліп, мемлекет басшысының қолданған заттарын, шет мемлекеттердің табыстаған наградаларын және өзге де құнды бұйымдарды көрді. Қала әкімі көрменің маңыздылығын атап өтті.   

"Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам" атты көшпелі көрме қаламызға өткен жылдың қарашасында келген болатын. Содан бері ақтөбеліктердің жиі келетін орнына айналды. Көрме орналасқан облыстық тарихи-өлкетану музей қызметкерлерінің айтуынша, мұнда тіпті шалғай ауылдардан да келіп жатыр. Бүгіннің өзінде, Байғанин ауданынан кезекті оқушылар тобы ат басын тіреді.   

Көрмеге 800-ге тарта экспонат қойылған. Ел Президентінің балалық шағы мен еңбек жолынан сыр шертетін фотолар, қолданған заттары және алыс-жақын 37 елден алған ордендері бар. Көпшіліктің таңданысын туғызған өзге де жәдігерлердің де тарихы терең.    

Бүгін мұнда ардагерлер кеңесінің өкілдерінен өзге, жуырда құрылған "Атамекен" аталар, "Асылым" әжелер ансамблдерінің мүшелері болды. Құрметті зейнет жасына жетсе де, ұрпақ тәрбиелеу ісінде белсенділік танытып жүрген қариялар Елбасы кітапханасы қорының көрмесін әрбір ақтөбелік тамашалауы тиіс деді. Көрме жұмысы 20-сыншы қаңтарға дейін жалғасады.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА  БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
19:20, 22 наурыз 2019
12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
17:31, 18 наурыз 2019
БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
Толығырақ...