ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА ҚЫЛМЫС 15 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ Толығырақ

ЕЛБАСЫ РОЖДЕСТВО МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

18:04, 7 қаңтар 2019

Бүгін, Мемлекет басшысы барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады. Нұрсұлтан Назарбаев, Астанадағы Қасиетті Успен кафедралдық соборына барды. Елбасы, мемлекетіміздің этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту жөніндегі жүйелі жұмыстарына тоқталды. Еліміздің жер бетіндегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға бағытталған -- жаһандық дінаралық диалогты дамыту ісіндегі айрықша рөлін атады.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

- Біз бірлігіміздің арқасында экономикада және халқымыздың әл-ауқатын арттыру ісінде зор жетістікке жеттік. Мен егемендік жылдары ішінде православ христиандарының қолдауын сезіндім, сол үшін сіздерге ризашылық білдіремін. Біз достық пен өзара түсіністікті, бір-бірімізге деген сенімді нығайтуға бағытталған саясатымызды жалғастырамыз. Осындай бастамамен ғана ілгерілеп, болашақ ұрпақтың бақытты өмір сүруіне  жағдай жасай аламыз. Бұл күндері барлық православ қауымы Жаратушыдан жақындарына денсаулық пен амандық, елімізге тыныштық, бейбіт өмір мен келісім тілейді. Осы дұға-тілектердің бәрі қабыл болсын! Баршаңызды Рождество мерекесімен тағы да құттықтап, сіздерге зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!

Сондай-ақ, Мемлекет басшысына Православ Шіркеуі Рухани-мәдени орталығының дін жолында құрбан болғандар мен дін таратушылар музейінің экспозициясы көрсетілді. Елбасы ерекемен құттықтай отырып, бүгінде түрлі дін өкілдері өзара түсіністікті нығайтуға және қазіргі Қазақстан қоғамының тұрақты дамуына елеулі үлес қосып келе жатқандығын атап өтті. Шіркеуге жиналғандар мейірімділік мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

Біз бейбітшілікті ту еткен ғажап елде тұрамыз.  Ұлтым украин болғанымен, мен үшін Қазақстан - ыстық мекен. Балаларым, немелереммен бақытты өмір сүріп келеміз. Бүгін Елбасымыз келіп, мерекемізбен арнайы құттықтады. Ерекше қуанып тұрмыз. Барша жұртқа тек жақсылық,зор денсаулық, елімізге тыныштық тілейміз. Қазақстан өсіп, өркендей берсін!

- Осы мерекеде қазақстандықтарға ақ тілегімді жеткізгім келеді. Асыл армандар орындалып, көздеген мақсаттарға  қол жеткізе берейік.  Әрдайым бір-бірімізге мейірімділік танытып, жақсылық жасайық. Қазақстан - ортақ үйіміз. Бейбіт елімізде тек тыныштық орнасын!

Тақырып бойынша материалдар

ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ
22:06, 20 маусым 2019
ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
21:49, 20 маусым 2019
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Толығырақ...
ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ СУАРУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ
21:41, 20 маусым 2019
ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ СУАРУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар