ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ЕРЕЖЕСІН БҰЗДЫ Толығырақ

ЕЛБАСЫМЕН КЕЗДЕСКЕН ЖАСТАР

22:24, 3 шілде 2020

 6-шы  маусым - Елорда күні. Елбасы  тәуелсіздік алғаннан кейінгі қиын - қыстау шаққа қармастан бас шаһарды сол кездегі Целиноградқа алмастыру туралы шешім қабылдады. Ұлт болашағы үшін жасалған қадам сәтті.  Құрылғанына небәрі 22 жыл толған жас қала бүгінде дүниежүзі астаналарымен иық теңестіре алатын дәрежеге жетті. Сарабдал саясат иесі әлемдік аренадағы Қазақстанның орнын нықтады. Ерен еңбек ақталды. Бүгін біз Ұлт көшбасшысымен жүздескен аймақ жастарының естеліктерімен бөлісеміз.  "Еліміздің болашағы жастардың қолында". Елбасының бұл сөзі бүгінде еңбек етіп, елге қызмет қыламын деген әр жастың ұранына айналды. Мақсат қойып, дегеніне жеткендер қаншама?! Солардың бірі - Жанна Алтынбаева.  Қос мамандықты қатар  меңгерген ол 11 жылдан бері бизнес саласында. 19 жасында саудамен айналысты, жылжымайтын мүлік нарығында еңбек етті. Кейін қаладағы алғашқы хостелдің іргесін қалады. Кәсібін "Бизнестің жол картасы бағдарламасының" көмегімен ашқан.  Осы жылдың қараша айында Нұрсұлтан Әбішұлы талантты жастармен кездескен болатын. Кездесуге Ақтөбе облысының атынан барған кәсіп иесі сол сәттегі сезімімен бөлісті.
ЖАННА АЛТЫНБАЕВА 
ЖЕКЕ КӘСІПКЕР
 Елбасы кездесуге келген жастармен қол алысып амандасты. Кезек маған келгенде оған деген  құрметім ерекше екенін жеткіздім. Нұрсұлтан Әбішұлы "Сен жарайсың, барлығына өзің қол жеткіздің. Соның арқасында бүгін осы жерге келдің", - деді. Елбасымен кездескен күн менің өмірімдегі ең маңызды даталардың бірі. Осы кездесуден кейін мүмкін емес нәрсе жоқ екендігін түсіндім. Астанамыз Нұр - сұлтан қаласы көз алдымызда гүлденіп келеді. Осының  өзі мақсат болса,  кез келген кедергіні жеңуге болатындығының дәлелі. 
 Дамудың даңғыл жолына түскен мемлекетіміздің негізгі қағидасының бірі - жастарды кәсіпке баулып, еңбекке ерте араластыру. Осы бағытта Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен арнайы бағдарламалар жүзеге асып келеді. Қатарында "Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі", "Жасыл ел", "Дипломмен ауылға" сынды жобалар да бар. Ел игілігіне арналған бастамаларды қолдап, іске асыруға үлес қосқан жастар өз ризашылығы мен Тұңғыш Президентпен кездескен кездегі әсерін айтып берді.  
 Уақыт өтеді, заман өзгереді. Бірақ сенім берер қанатты сөздер мен келешекке бастар келелі кездесулер адам санасында сақталады. Сан жылдар өтсе де, жадында жаңғырып тұрады. Көш бастаған басшысының батасын алған жастар ел ертеңі үшін ерінбей еңбек етпек. 

Әсем Самьаева

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
16:57, 7 тамыз 2020
МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар