ШҰҒЫЛ! ЕҢ ҮЗДІК ЕТ - 2019 Толығырақ

ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ - УАҚЫТТЫ ҮНЕМДЕУ

19:29, 9 қаңтар 2019

Енді ата-аналар балаларының төлқұжаты болмаса, оларды шетелге алып шыға алмайды. Шекарадан өту үшін бұрынғыдай өз құжаттарына суреттерін жабыстыруға тиым салынады. Өзге елге барар болса жасқа толғаннан төлқұжат алу міндеттеледі. Жыл басталғалы азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалдарында қызметтің бірнеше түрі өзгерді. 

Енді мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы электронды түрде көрсетілетін болады. Ал 2020 жылы 90 пайызға жет­кізу көзделіп отыр. Олардың ішіне  азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясынан алатын құжат түрлерінің барлығы жатады. Аталған қызметтерді пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болса жеткілікті.Сонымен қатар ел азаматтары нарко және психодиспансерден анықтаманы енді онлайн ала алады.

Бүгінгі таңда ха­лықтың қажет­ті қызметті электронды түрде алуға ынтасы зор.  Ел азаматтары электронды мемлекеттік қызметтің басым бөлігін үйде отырып-ақ алуға болатынын білді. Тиімді тәсіл уақытты үнемдейді.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерді электронды форматта қызмет көрсету бойынша еліміз орталық азия 8-орынды иеленіп тұр. Әлемдік рейтінгісінде Австриямен қатар 25 орында.

АЗАМАТ ӘБІЛҚАЙЫР

Тақырып бойынша материалдар

12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА  БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
19:20, 22 наурыз 2019
12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
17:31, 18 наурыз 2019
БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
Толығырақ...