ШҰҒЫЛ! 400 АДАМ АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

20:35, 14 мамыр 2019

Елімізде онлайн сатып алушылардың саны 2 есеге артты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты. Яғни, 2 млннан астам адам электрондық сауда-саттықтың қызығына кіріп алған. Қазақстандықтардың дені - құрылыс материалдарын, тұрмыстық техника, косметика, киім-кешек және аяқ киімді осы электрондық сауда-саттықтан алады. Әуе және темір жол билеттерін алу, мәдени іс-шаралар мен коммуналдық қызметтер үшін ақы төлеу сияқты қызметтер де, жоғары сұранысқа ие. Бүгінде нарықта  2 мыңға жуық дербес интернет-дүкен жұмыс істейді. Сондай-ақ, 1 млн-нан астам кәсіпкерге өз тауарларын сатуға мүмкіндік беретін 20-ға жуық электрондық сауда алаңы бар. Айта өтейік, былтыр онлайн сауда-саттық көлемі 1,5 есеге өсіп, 269 млрд. теңгені құраған.

Тақырып бойынша материалдар

"ОҢТҮСТІК АЙНАЛМА" ТАС ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
20:11, 23 тамыз 2019
"ОҢТҮСТІК АЙНАЛМА" ТАС ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...
ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ АҚТӨБЕНІҢ ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ
19:44, 23 тамыз 2019
ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ АҚТӨБЕНІҢ ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҮЗУДЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ
18:49, 19 тамыз 2019
ЖҮЗУДЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ
Толығырақ...