ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ САМАТБЕК ІЗІМҒАЛИ ТУҒАН ЖЕРІНЕ КЕЛДІ

21:07, 8 тамыз 2019


Ақтөбеге әлем чемпионы Саматбек Ізімғалиді келді. Қазақ балуаны  Болгарияның София қаласында кадеттер арасында өткен грек-рим күресінен әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан еді. Ел намысын қорғап, көк туымызды желбіреткен чемпионды жерлестері мен біздің арнаның түсірілім тобы да әуежайдан күтіп алды. Ақтөбе халықаралық әуежайына Саматбек Ізімғалидің ата-анасы, туыстары мен облыстық спорт басқармасының басшылары жиналды. Бапкерлері де осыннан табылды. Алты алаштың атын алты құрлыққа танытқан жас палуанды көпшілік ыстық ықыласпен қарсы алды.Алғашқы айналымда ол Еуропа чемпионы Фарид Садихлимен кездесті. Кейін үндістан, иран палуандарымен белдесті. Қазақ палуаны еркін қимылдап, қарсыластарын қоғадай жапырды. Өзі бірде-бір рет қарсыластың айласына түскен жоқ. Финалда қазақстандық палуан өзбек Асадбек Бахромовқа қарсы шықты. Жекпе-жек уақытынан бұрын,  бір минуттың ішінде аяқталды. Саматбек өз қарсыласын таза жеңіспен ұтты. Саматбектің арманы асқақ, мақсаты айқын. Ендігі көздегенім олимпиада чемпионы шықпаған Ақтөбенің атын күллі әлемге шығарып, ел намысын асқақтау,-дейді. Саматбекті қазір Жарқын Тұрсынов жаттықтырып жүр. Ал алғашқы бапкері - Айбек Пұсырманов. Оның айтуынша, бала Саматбек шымыр, қайсар, еңбекқор болыпты. Сонымен қатар ол жас палуан мен бапкеріне  Ақтөбеден қолдау болмады деген сөз жалған ақпарат екенін айтады.Саматбек үйдегі үш баланың ортаншысы. Сол себептен болар тұңғышы мен кенжесіндей емес, онша еркелетпедік дейді әкесі.  Жаттығу залына да Саматбектің алғаш рет әкесі апарыпты. Сағынай Найзабеков ұлының финалға шығатын күні күресін қарауға жүрегі дауаламай, қатты қобалжығанын жасырмады. Қазір Саматбек Ізімғали Алматы қаласының «Шаңырақ-1» шағын ауданындағы «Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде оқиды.

 

Азамат Әбілқайыр

Тақырып бойынша материалдар

ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
19:44, 16 тамыз 2019
ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...