ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ЕРЕЖЕСІН БҰЗДЫ Толығырақ

ӘЛЕМДЕГІ ЖАҒДАЙ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ

21:10, 20 наурыз 2020

 Қазақ жаман аурудың атын атамайды. Шақырмау үшін деген түсінік бар. Әлемді дүрліктірген тәж вирусын әлемжеліде тажал, қаратажал деп белгілеп түрлі ой-пікір білдіргендер көп. Кейбір бейнероликтер бойға қорқыныш ұялатады. Енді бірінің ақылы ой салады. Жұртшылықты сабырға шақырған роликтер де аз емес. Үрейді үдетпеу үшін әзілге қосқандар да көп. Әлеуметтік желідегі жазбалар не дейді? Әрітесім Ерлан Мұқан шолып шықты. Шошытатын дерек емес, бос күлкі де керек емес. Астары бар ойлар.  Алдыңғы толқынға "Анашым" әнімен танылған Марат Омаров қазіргі жастар үшін "коронавирус кет" хайпімен хитке айналды. Диджейлер желіде әнді түрлендіріп жатыр. Үлкендер жағы әншіні сынаса, жастар челенджге айналдырып, қаралым жинауға талпынды. Бұрын соңды офлайн жүретіндер, енді онлайнға көшті. Ғимарат есіктері жабылғанмен, ғаламтор кеңістігі ұлғайды. Үйде отырып туынды жаса хештегінің ауқымы кеңейе түсті. Тігін тігеді, ас пісіріп, ғашықтықтан оқытады. Кітап оқуға кеңес бергендер де үздіктердің топтамасын ұсынып жатыр. Әлемжелінің тілін меңгергендердің марафоны қыза түсуде. Ілесе білгендер ісін дамытып, өзгелері ұқсап бағуда. Онлайн өмір де сүреңсіз емес, алайда төс қағыстырып үйренгендер үшін шынтақ пен аяқ түйістіру оңай болмай тұр. Бірақ бұл да трендке айналып, топқа енді. Үйге бала тұрмақ, үлкендер де сыймай жатыр. Терезеден қарап телміргісі келмегендер тәжтажалды "үйшік" ойынына айналдырды. Әлемжелідегі бейнелер де балалардың көңілін тауып жатыр. Мультфильм мен ертегі кейіпкерлері де вирустан қорғанып әлек. Біреуге күлкі, енді біреу үшін сақтыққа шақырғандай.  Сән индустриясына жаңа тренд енді. Бетперденің түрі шықты. Тапшы кезде бірі табысын көбейтті, енді бірі іздеп, табынынан таусылды. Біздің өңірге 4 миллионы жеткізілмек. Кімнің бетіне бұйырады? Үлгергенге бесеу тисе, үлгермеген тесік бетпердеге зар болмақ.Күлкі дәрумен. Әлемжелінің пайдалануышылары осылай ащы да болса шындықты әзілмен жеткізуге тырысты. Ой саларлық дүниелер де аз емес. Сақтық шаралары туралы сан мыңдаған ақпарат бар. Сүзгіден өткізіп, тұщымдысын тұтыныңыз. Көпті бірлікке шақырған челендждер де аз емес, оның бірін біз де жалғастыруды жөн көрдік. "#біз сіз үшін жұмыстамыз, сіз біз үшін үйде болыңыз!" Әр жаңалықтан хабардар болыңыз! 

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
16:57, 7 тамыз 2020
МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар