ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

ӘЛЕМЖЕЛІДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІҢ ПІКІРІ

13:29, 20 наурыз 2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімі күллі қазақ жұртын ғана емес, төрткүл дүниені дүр сілкіндірді. Тұңғыш Президенттің жария еткен мәлімдемесіне қатысты көпшілік түрлі ой айтып, пікір білдіріп жатыр. 


Күні кешеге дейін ел басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтың «өкілеттілігімді тоқтатамын» дегені көптің көңіліне кірбің түсірді. Әлеуметтік желідегі әлеумет жарыса, экс-Президенттің бейнесін салып, қимастықтарын білдіріп жатты.

«Басымды иіп, қазақ халқына мың алғыс айтамын» деген Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл шешіміне көпшілік те рахметін жеткізді. Ел басқаратын келесі Президенттікке "елдің қамын ойлар азамат" келсін деген тілегін білдірді.

19 наурыз - қазақтың тарихындағы алтын әріптермен жазылған күн болып қалмақ. Мемлекет басшысы 19 жылдың 19 наурызында Астана уақыты сағат 19:00-де лауазымын тоқтатты. Ел-жұрт  
көне Әбжат жазуы 19 санының - Бисмиллаһи рахмани рахим дегенді білдіреді деген ақпарға зер салып, соңғы рет Нұрсұлтан Әбішұлының қазақстандықтар үшін бір мезетте 30 мың адамды қабылдайтын мешіттің құрылысын бастауға батасын бергенін тілге тиек етуде. 

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
19:44, 16 тамыз 2019
ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...