ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖОЛЫ ЖАЛҒАСАДЫ

20:53, 29 қараша 2019

 Қобдада шетелдік инвестордың қолдауымен құс фабрикасын ашу жоспарланып отыр. Жергілікті кәсіпкерлер болса мемлекеттің қолдауымен 700 миллион теңгеге өз ісін бастады. Сонымен қатар, аудан орталығында жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Осы және өзге де әлеуметтік-экономикалық дамуын Қобда ауданының әкімі Мейрамбек Шермағамбет көшпелі баспасөз конференциясында айтып берді. Гүлнара Жолжанова жалғастырады.  Қобда кәсіпкерлік саласын дамытуға ден қойған аудан. Бір ғана "Бизнестің жол картасы" бағдарламасымен 3 млн теңгеден астам сомаға 3 грант бөлінген. Бұдан өзге 100-ге жуық орта және шағын кәсіп иесіне мемлекеттік қолдау көрсетілген. Соның бірі кәсіпкер - Амантай Берденов. Ол 17 адамға шақталған қонақ үйі бар кемпинг ашып, жолаушылардың тынығуына жағдай жасап отыр. 

Қобдалықтардың 32 пайызы бұқаралық спортпен айналысады. Барлық ауылда хоккей алаңы бар. Өткен жылы аудан орталығында сауықтыру орталығы тұрғындар игілігіне берілді. Спорт кешені ғимаратына көршілес гимназия орналасқан. Соңғы техникамен жабдықталған оқу орнында робототехника және АЙТИ кластары бар. Дегенмен өлке тарихы мен қазақтың салт-дәстүрін үйретуге басымдық берілген. 320 оқушыға негізделген гимназияда 307 бала білім алуда.  ¤Қобданың өзінде жаңа шағын аудан бой көтерді. "Нұрлы жер" бағдарламасымен 16 пәтерлік 4 тұрғын үй салынуда. Құрылысқа 500 млн теңгеден астам қаржы қарастырылған.

МАҒЖАН  БАЙҒАБЫЛОВ

ҚОБДА АУДАНДЫҚ АРХИТЕКТУРА, ҚҰРЫЛЫС, ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ, ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Продолжительность строительства домов составит 10 месяцев. Уже к концу мая следующего года их планируется сдать в эксплуатацию. Напомним, что к 90 - летию района три восьмиквартирных дома в этом жилом массиве уже сдали. Жилье реализуется среди очередников, в числе которых социально - уязвимые слои населения. Всего в очереди состоят 114 многодетных и малообеспеченных семей. Их квартирами обеспечиваем в первую очередь.

Осы жылдың 10 айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет баяндады. Даму тұрақты, ауыл шаруашылығы саласында өсім бар.  Жергілікті әкімшілік тұрғындардың өмір сүруі мен әл-ауқатының жоғары болуына бар күшін салуда.    

МЕЙРАМБЕК  ШЕРМАҒАНБЕТ

ҚОБДА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

В районе 13 населенных пунктов обеспечены централизованным водоснабжением, а восемь сел газом. В ближайшие два года голубое топливо планируется запустить в дома жителей поселков Терисаккан, Жарсай, Жанаталап и Сарыбулак. В планах, провести водопровод в село Жарсай. Большая работа ведется в дорожной отрасли. Выделены средства на ремонт дороги в село Булак. Кроме того, работы ведутся на трассе Шубаркудук - Уил - Кобда - Туз тобе. Планируется ремонт дороги Кобда - Мартук.

Аудан халқының басым бөлігі төрт түлігін түлетіп, өріске қосып, бау-бақша салып, егін егеді. Ірі қара мал, жылқы шаруашылығы қолға алынған. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес суармалы жерлердің көлемі артып келеді. Кәсіпкерлер алғаш рет үрмебұршақ пен асбұршақ егіп,  шығарды. Шетелдік инвесторлар да қызығушылық танытуда. 

МЕЙРАМБЕК  ШЕРМАҒАНБЕТ

ҚОБДА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

В планах есть возведение птицефабрики. Но пока этот вопрос только рассматривается и проект не утвержден. Есть заинтересованность со стороны турецких инвесторов. Они просили у нас земельный участок. Мы рассмотрим этот вопрос.

Осы жылы Қобдада 515 жаңа жұмыс орны ашылды. "Бизнес бастау" жобасымен 222 адам кәсіпкерлік негіздерін үренді. Дегенмен 283 тұрғын екі колға бір күрек таппай жүр.

 

 

 

    

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13:37, 9 желтоқсан 2019
НАГРАЖДЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ КОНКУРСА СОЧИНЕНИЙ ПО ПОСЛАНИЮ...
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...