ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМҚОРЛЫҚ

19:26, 14 наурыз 2019

Ақтөбеде мамыр-маусым айларынан бастап көпбалалы және толық емес отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолжетімді баспана алуға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» филиалының басшысы Жеделбек Мұрзағалиев мәлімдеді. «Нұр Отан» партиясының съезінде Президенттің көпбалалы және толық емес отбасыларға, табысы төмен бірақ мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға баспана қолжетімділігін арттыру қажеттігін айтқан болатын. Бұл санаттағы азаматтарға Елбасы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жүйесі арқылы 2-3 пайызбен тұрғын үй қарызын бере алатын механизм ойлап табуды тапсырды. "Елбасы осы мақсатта Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жыл сайын 50 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінетінін айтты. Қазір Елбасының тапсырмасы бойынша жеңілдетілген пайызбен несие берудің механизмдері қарастырылып жатыр. Азаматтар бастапқы 10 пайыз жарнасын салып, 25 жылға дейінгі мерзімге 2 пайыз жылдық үстемемен пәтер ала алады. Ақтөбеде кемінде мыңға жуық отбасы осы механизм бойынша пәтер алады деген жоспарымыз бар", - дейді Жеделбек Мұрзағалиев.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚҰМАР ОЙЫН ҰЙЫМДАСТЫРҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ
19:30, 21 тамыз 2019
ҚҰМАР ОЙЫН ҰЙЫМДАСТЫРҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ
16:08, 15 тамыз 2019
"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ...
Толығырақ...
2020 ЖЫЛЫ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ
15:43, 15 тамыз 2019
2020 ЖЫЛЫ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ...
Толығырақ...